Рәміздер күні аталып өтті

c_410_290_16777215_00_images_2017_23_23-2017-3.jpgТәуелсіз Қазақстан Туымен — ​тұғырлы, Әнұранымен — ​айбатты, Елтаңбасымен — ​еңселі.

Мемлекетіміздің елдігін айқындайтын бірегей нышандарымызға, биыл, 25-жыл! Маусым айының төрті күні аудан тұрғындары Мемлекеттік Рәміздер күніне орай ұйымдастырылған мерекелік іс-шараның куәгерлері болды. Аталмыш мерекелік кеш аудандық «Ұшқын» мәдениет үйінде өткізілді.
Мерекелік іс-шара аудан әкімі Бақберген Өтеулиннің құттықтау сөзімен ашылды. Өз сөзінде ол, Қазақстан мемлекеттік рәміздерінің жиырма бес жылдығы әр қазақстандық үшін айтулы мереке екенін ерекше атап көрсетті. Туымыз жиырма бес жыл бойы көгімізде желбіреп, Әнұранымыз шырқалып, Елтаңбамыз өшпес таңбаға айналды. Көк байрағымыз желбірегенде, бар қазақтың жүрегінде қуаныш, сенім ұялайтыны сөзсіз. Арайлы таңымыз атқан қазіргі уақытта, Рәміздеріміз жасай берсін деген тілек білдірді.
Мемлекеттік нышандардың — ​25-жылдығына орай ауданның бірқатар азаматтары ерен еңбектері үшін аудан әкімінің атынан мадақтамалар алды. Олардың ішінде, аудандық аурухананың дәрігері Александр Никитин, аудандық орталық кітапханасының қызметкері Светлана Король, тілдерді оқыту орталығының әдіскері ЭльмираУразбаева, Б. Майлин ат. тарихи-өлкетану мұражайының басшысы Светлана Рудик. Таран ауылының әкімі, еңбек ардагері Василий Ильченко аудан әкімінің атынан ауданның дамуы мен көркеюіне қосқан үлесі үшін арнайы алғыс хатпен марапатталды. Ауданымыздың бірқатар жас жеткіншектері аудан әкімі қолынан жеке куәліктерін алды. Он алты жасқа енді толған, Анастасия Максименконы, Райхан Туйганованы аудан әкімі үлкен өмірге аяқ басуларымен құттықтады. Бұл күні, Новоильинов ауыл округінің әкімі Серік Мусапиров пен аудандық ветеринария бөлімінің қызметкері Айдархан Жумин аудан тұрғындарының алдында мемлекеттік қызметте адал қызмет етеміз деп ант қабылдады. Аудандық спорт бөлімі Мемлекеттік Рәміздер күніне орайластырып жеңіл атлетикадан шеру ұйымдастырған болатын. Шеруге қатысқан спортшыларды мерекелік іс-шараға жиналған көрермендер де қолдады. Тұрғындарды құттықтауға келген спортшылардың атынан, ауданымыздың спорт ардагері Александр Никитин сөз сөйледі.
Аудан өнерпаздары мерекелік концертте патриоттық рухтағы әндер шырқап, биден шашу шашты. Айтулы мерекеге арнайы ұйымдастырылған мерекелік іс-шарадан аудан тұрғындары жақсы көңіл-күймен, марқайып тарқасты.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить


Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр К
    Достижения прикладной науки - это конечно хорошо, но самым главным, - фундаментальной наукой, никто не ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика