Саясаткер - әйелдер клубы құрылды

c_410_290_16777215_00_images_2017_24_24-2017-1.jpgАуданда тұңғыш рет саясаткер - әйелдер клубы құрылды. Клубтың тұсаукесеріне аудан әкімі Б.Өтеулин, облыстық саясаткер - әйелдер клубының төрайымы, педагогика ғылымының докторы Р.Бектұрғанова қатысты.

ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның шешімімен өңірлерде саясаткер - әйелдер клубын құру міндеттелді. Ағымдағы жылдың 18 мамыры күні аталмыш клубтың облыстық отырысы өткен еді. Онда Таран аудандық саясаткер - әйелдер клубының төрайымы болып аудандық жастар ресурстық орталығының директоры, аудандық мәслихаттың хатшысы, «Нұр Отан» партиясының мүшесі Гүлбарам Тюлюбаева бекітіліп, оған арнайы сертификат тапсырылды.
Өткен аптаның сәрсенбісінде аудандық саясаткер - әйелдер клубы құрылып, алғашқы отырысы өтті.
Саясаткер-әйелдер клубының мүшелері әйелдердің мемлекеттік және қоғамдық-саяси жұмыстарға араласуы үшін кадрлық қорды қалыптастыру ісіне араласуды, тұрғындардың гендерлік бағытта білім алуына белсенді атсалысуды, қазақстандық саясаткер-әйелдердің жемісті тәжірибелерін таратуды өздерінің міндеттері деп санайды.
Клубтың 10 мүшесі бар. Оның қатарында облыстық мәслихаттың депутаты, мектеп директоры, кәсіпкер, мемлекеттік қызметкер, медбике сияқты маман иелері бар.
Дөңгелек үстел басына жиналғандарды жаңа клубтың құрылуымен құттықтаған аудан әкімі Бақберген Өтеулин қоғамдағы әйелдердің рөлі жөнінде айтты.
«Еліміз тәуелсіздігін жаңа алған алғашқы жылдары қиын болғаны бәрімізге белгілі. Сондай қиын кезеңде әйелдер бар ауыртпа­лық­тарды өз мойнына алды. Жоқтан - бар жасады. Тұрмыс-тіршілігіміз жақсарды. Сөйтіп, олар мемле­кетіміздің іргетасын қалауға ерекше үлес қосты. Қазіргі күні де әйелдер қауымының қоғамдағы беделі жоғары. Соның бір көрінісі болса керек, бүгінде ауданда 96 нәзік жандылар мемлекеттік қызметте, 14 әйел басшылық қызметте, 676 қыз-келіншектер кәсіпкерлікпен айналысуда,»- деді.
Өз кезегінде Римма Бектұрғанова саясаткер - әйелдер клубын құрудың мақсаты мен міндеттеріне тоқталды. Атап айтқанда, клубтың негізгі мақсаты – мемлекеттік және саяси-қоғамдық жұмыстарға әйелдер кадрларын дайындау мен олардың көшбасшылық қабілет­тілігін арттыру. Әсіресе, әйелдердің тұрғындар арасында гендерлік ағарту жұмыстарын жүргізуге бейімдеудің маңызы зор екендігін жеткізді.
Басқосу соңында клуб мүшелеріне арнайы сертифи­каттар табыс етіліп, клубтың жиынын екі айда бір рет өткізіп тұруға келісілді.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

 

Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

     
  • Katharina Wins
    Мы гордимся учителями Новильиновской средней школой.Наша школа всегда славилась хорошим ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика