Денсаулық сақшылары немесе «Жалпы бөлім» жайлы

c_410_290_16777215_00_images_2017_24_24-2017-6.jpgОперациялық үстел- өмір мен өлімнің арпалысқан мекені. Осы жерде біздің бүгінгі кейіпкерлер адам өміріне тіршілік нәрін беремін деп жанталасып жатады. Солардың шипалы қолдарының арқасында өмірден күдерін үзген науқас жандар аман-есен жарық дүниеге қайта оралады. Ақ халатты, алтын қолды дәрігерлер қауымына бесіктегі баладан, төрдегі қартқа дейінгі адамдардың айтар алғысы шексіз екендігіне шүбә жоқ.

Ақ халатты абзал жандардың кәсіби мерекесінің қарсаңында, біз, Таран аудандық орталық ауруханасының «Жалпы бөлімі», дәрігерлері мен медбикелерімен кездесуді жөн көрдік. Бұл мамандардың әрқайсысы өз істерінің хас шеберлері. Көп жылдар бойы қажырлы еңбектерінің арқасында, халық үшін тынбай іс тындырып келеді. Аудандық орталық аурухананың «Жалпы бөлімінде», дәрігер, медбике, санитар медбикелерді жалпы алғанда, он алты маман қызмет етеді.
Аудандық аурухананың «Жалпы бөлімі» жиырма үш науқас ем алуға арналған жататын бөлмелермен қамтамасыз етілген. Кең, жарық, заманауи жабдықталған жатын бөлмелер ем алып жүрген науқастардың тез сауығып кетулері үшін ыңғайлатып жасалған.
«Жалпы бөлім» дәрігерлері науқастарға түрлі дәрежелі оталар жасап, денсаулықтарын әрі қарай бақылап, қажетті ем-дом қолданып, олардың толық сауығып кетуін қамтамасыз етеді. “Шұғыл ота жасап, науқас өмірін аман алып қалу керек болғанда, дамыл таппай, күні-түні демей, жұмыс істейтін сәттер жиі кездеседі,”- дейді бөлім меңгерушісі, хирург Мақсат Запаров.
«Жалпы бөлімде» жұмыс жасайтын мамандар мүмкіндіктерінше жиі біліктіліктерін көтеретін арнайы курстардан өтеді. Бұған дәлел, хирург Мақсат Запаров жақында ғана, Қостанай облыстық ауруханасынан анестезиолог- реаниматолог дәрігерінің білімін алып келді. Бөлімде хирург, онколог маманы да бар. Аудандық ауруханаға Қостанай қаласынан арнайы келген білікті дәрігер (онколог маманы) – Олжас Сулейменов, бүгінде, науқастарға барынша көмек көрсетуде. «Жалпы бөлім» дәрігерлерімен түрлі деңгейдегі оталар жасалады. Бөлімде: Ирина Безногова, Дина Жанибекова, Айнұр Мұқанова, Марина Аптикеева, Наталья Клименко секілді бөлім медбикелері, операциялық медбике - Алтынай Сейлхан , бөлімнің бас медбикесі , анестезист – Наталья Валяева көп жылдар бойы қызмет етіп келеді. Сонымен қатар, бөлімде алты санитарлық медбике бар. Бұл мамандардың еңбегін елемей, атап өтпеу әбестік болар.
“ Қандай дәрігер жайлы сөз қозғасақ та, ойға бірден жауапкершілік сезімі келеді. Дәрігерлердің жұмысының маңыздылығы жайлы айтпасақ та, түсінікті. Оларды бөліп – жару үлкен қателік болар. Бұл мамандардың барлығы «бір жұдырыққа жұмылып», үлкен игі іс тындырып жүрген адамдар. Көмекке зәру адамдарға кәсіби түрде қол ұшын беріп, аяққа тұрғызып, сауыққан науқастардың қуанышты жүздерін көруді – бақыт деп санайтын жандар, ” – дейді аудандық аурухананың бас дәрігері Бекболат Дүкенбайұлы.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

 

Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

     
  • Katharina Wins
    Мы гордимся учителями Новильиновской средней школой.Наша школа всегда славилась хорошим ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика