Дәрігерлер тағы да спорт алаңында

c_410_290_16777215_00_images_2017_24_24-2017-10.jpgСалауатты өмір салтын насихаттайтын түрлі іс-шараларды ұйымдастыру мен оларға қатысу – аудандық орталық аурухана қызметкерлері үшін дәстүрлі жағдай.

Өткен аптаның, жексенбісінде ақ халатты абзал жандар спорт алаңында өткізді. Таңертеңнен бастауын алған бұл жолғы спорттық іс-шара медицина саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесінің қарсаңына орайластырып жасалған екен. №1 қазақ орта мектебінің спорт алаңында өткізілген бұл күнгі іс-шара дәрігерлер үшін нағыз спорт мерекесіне ұласты.
Спорттық іс-шараны ұйымдастырып, оны өткізуге мұрындық болған аудандық орталық аурухананың қызметкерлерінің өздері.
Адам денсаулығының сақшылары, салауатты өмір салтының насихатшыларының мерекесін басқаша елестету мүмкін емес.
Мерекелік, спорттық іс-шара салтанатты түрде ашылып, жерлесіміз, спорт ардагері, дәрігер Александр Никитин әріптестеріне құттықтау сөз айтып, сәттілік тіледі. Спорт алаңына жиналған ақ халаттылар үшін, жас ерекшеліктеріне байланысты түрлі қашықтықта жүгіру, дартс ойыны өткізілді. Ерлер футбол, әйелдер қауымы волейбол ойнап, көңіл сергітті. Бұл күні жеңілгендер мен жеңгендер болмады. Бұл – мереке қарсаңындағы достық спорттық іс-шара болатын. Игі спорттық – мерекелік іс-шараның қатысушылары да, ұйымдастырушылары да көтеріңкі көңіл- күйде тарқасты.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

 

Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

     
  • Katharina Wins
    Мы гордимся учителями Новильиновской средней школой.Наша школа всегда славилась хорошим ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика