Депутаттар аудан басшысының есебін тыңдады

c_410_290_16777215_00_images_2017_32_32-2017-17.jpgАудан әкімінің халық алдында, сондай-ақ, аудандық мәслихаттың депутаттары алдында есеп беруі дәстүрге айналғаны белгілі. Апта басында өткен аудандық мәслихаттың кезекті сессиясында аудан әкімі, сондай-ақ, жергілікті полиция қызметінің басшысы есеп берді.


Сессияға депутаттармен қатар аудан әкімінің орынбасарлары және аппарат басшысы, мекеме-ұжым басшылары, ауыл әкімдері қатысты.
Бекітілген күн тәртібіне орай, аудан әкімі Б.Өтеулин ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында ауданның әлеуметтік –экономикалық дамуына бағытталған шараларды жүзеге асыру туралы баяндама жасады.
Алдыменен, Бақберген Қасымұлы Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласындағы жүктелген міндеттерге тоқталып, сол жолдағы атқарылар жұмыстарды тілге тиек етті. Әкім есебіне жүгінсек, ауданымызда өнеркәсіпте де, ауыл шаруашылығында да өркендеу бар. Дәл қазіргі уақытта егін шығымы жаман емес. Мал тұқымын асылдандыруға кең көңіл бөлінуде. Бұдан әрі аудан тұрғындарының бірқалыпты өмір сүруі бағытында атқарылып жатқан жұмыстар, аудан бюджетінің игерілуі, тиімді пайдаланылуы, құрылыс жұмыстары, автомобиль жолдарын күтіп ұстау, елді мекендердің газ құбырымен, ауыз сумен қамтылуы сияқты мәселелерге тоқталды. Шағын және орта кәсіпкерлікті нығайту, үдемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы аясындағы істер, жұмыспен қамту, әлеуметтік қолдау, денсаулық сақтау, білім беру, саламатты өмір салтын орнықтыру, мәдениет салаларының қызметі, қылмыстың алдын алу, сыбайлас жемқорлықпен күрес, тағы басқа мәселелер бойынша атқарылған жұмыстарды кеңінен әңгімеледі. Барлық мәселелерге байланысты мәліметтер слайдтар арқылы экраннан көрсетіліп отырды.
Бұдан кейін жергілікті полиция қызметінің басшысы А.Байзаков бүгінгі таңға дейінгі атқарылған жұмыстарға жан-жақты тоқталып, нақты мәліметтерді алға тартты.
Сессия соңында депутаттар көтерілген мәселелерге орай сауалдарын жолдап, талқылап, дауысқа салды.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить


Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр К
    Достижения прикладной науки - это конечно хорошо, но самым главным, - фундаментальной наукой, никто не ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика