16 желтоқсан – барша қазақстандықтар үшін ерекше күн. Бұл – еліміздің тәуелсіздігін жариялап, азаттыққа қол жеткізген қасиетті күн. Тәуелсіздік – ата-бабамыздың сан ғасырлық арманы мен ерлік жолының жемісі. Бүгінде Қазақстан өз болашағын өзі айқындайтын егемен ел. Соңғы 33 жыл ішінде еліміз көптеген жетістіктерге жетті.
Қазақстанның тәуелсіздікке жету жолы оңай болмады. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары – осы жолдағы маңызды кезеңдердің бірі. Қазақ жастары ұлттық намысын қорғап, әділетсіздікке қарсы шығып, еркіндікке деген ұмтылысын көрсетті.
Тобыл кенті «Думан» Мәдениет үйінде мәдениет қызметкерлерінің ұйымдастыруымен жоғарғы сынып оқушылары мен мұғалімдері қатысуымен «Желтоқсан- тәуелсіздіктің бастауы» атты тарихи танымдылық кеші өтті. Кеште көрініс көрсетіліп, тәуелсіздік жылдарындағы тарихи кезеңдерге шолу жасалды. Қатысушылар тәуелсіздік күніне өз жүрекжарды тілектерін айтты. 1986 жылғы «Желтоқсан» оқиғасы алаңға шыққан жастардың ерік-жігері мен барша Қазақстан жұртшылығының арман-мұратының салтанат құруы деп білеміз. Сан түрлі кедергілер мен ауыр сындарға қарамастан, ел тәуелсіздігінің әрбір қадамы қай кезде де біздің жүрегімізде айрықша орын алып, кеудемізде мақтаныш кернейді. Бүгінде тәуелсіз мемлекетке тән шекарамыз, рәміздеріміз, заңымыз, тіліміз бен дініміз бар. Бұл тәуелсіздікті түсінген адамға шексіз, құнды байлық. Тәуелсіздіктің қадірін біліп, азаттықты бағалай алу үшін ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу керек. Ал бойында Отанына, елі мен жеріне деген махаббаты бар адам азаттықтың қадір-қасиетін, қаншалықты қымбат екендігін түсінеді.
Бейбіт елде өмір сүріп жатқанымыз бәрі осы Тәуелсіздігіміздің арқасы. Тәуелсіздік күні отыз жыл бойы еліміздің басты ұлттық мерекесі болды. Бірақ заңға тиісті өзгерістер енгізіліп, енді ол мемлекеттік мереке және тәуелсіздік алуға зор үлес қосқан. ұлттық батырларымызға тағзым күні ретінде аталып өтеді.
Тәуелсіздік – баға жетпес қазына. Қаншама нәубетті, аумалы-төкпелі жылдарды бастан кешкен халық үшін осы бір ұғымның өзі құнды. Біз қазақ деген ұлы елдің ұрпағымыз! Тәуелсіздік – ұлы дала елінің елдігі мен ерлігі.
27.02.2025 13:02
В Майской модельной библиотеке прошел вечер-элегия «Песни Абая на струнах души», приуроченный к 180-летию со дня рождения великого казахского поэта...
27.02.2025 13:01
По указу Президента Республики Казахстан Касым-Жомарта Токаева, 2025 год объявлен годом рабочих профессий. Этот важный шаг направлен на повышение статуса...
27.02.2025 09:12
Тобыл кентінде тұратын әзербайжан қызы Исмаилова Севил Эйваз кызы – өз қатарластары арасында үлгілі оқушы, әрі дарынды спортшы ретінде танымал.Ол...
27.02.2025 09:11
Айгуль ТулеубаеваДень благодарности – это яркий праздник казахстанского патриотизма, единства и дружбы, ключевая цель которого – воспитание у подрастающего поколения...
27.02.2025 09:10
Разиля Шунгурбаева, культорганизаторВ этом году исполняется 30 лет со дня образования Ассамблеи народа Казахстана, занимающей особое место в укреплении межнационального...
27.02.2025 09:09
Қазақстан теміржолы көпұлтты қоғамның ерекше үлгісін көрсетіп келеді. Түрлі ұлт өкілдерінің бір мекемеде тату-тәтті еңбек етуі – еліміздегі тұрақтылық пен...
27.02.2025 09:07
В центральную районную библиотеку поступила новая литература, изданная по государственному заказу. Среди новинок – большой выбор художественной литературы современных авторов,...
27.02.2025 09:07
Тобыл кенті спорткешенінде дзюдо жаттықтырушысы, марқұм Насибов Биннат Акифұлын еске алу мақсатында дзюдодан облыстық турнирі өтті.Турнирге Биннат Акифұлының ата- анасы,...
27.02.2025 09:06
Сотрудники АО «Варваринское» совместно с представителями Тобол-Торгайской межобластной инспекции рыбного хозяйства провели ежегодную экологическую акцию – аэрацию на р. Аят....
27.02.2025 09:04
В соответствии с Указом Президента Республики Казахстан от 13 апреля 2022 года № 872 «О мерах по дебюрократизации деятельности государственного...
27.02.2025 09:03
В рамках партийного проекта «Кедергісіз келешек» районным филиалом партии «AMANAT» совместно с карьерным центром организована и проведена ярмарка вакансий для...
19.02.2025 13:55
8-9 февраля в городе Астана прошел чемпионат Республики Казахстан по легкой атлетике среди ветеранов и Первенство Республики Казахстан по легкой...
19.02.2025 13:54
Өнерлі балаларды қолдау және шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында Тобыл кенті «Думан» Мәдениет үйінде дәстүрлі «Алтын микрофон-2025» вокалдық байқауы өтті.Бұл сайыс...
19.02.2025 13:53
Урок безопасности для ребят из Николаевской школы провели представителиАО «Варваринское».Для сотрудников АО «Варваринское» и школьников района уроки безопасности уже становятся...
19.02.2025 13:52
Наступивший новый 2025 год объявлен Президентом нашего государства К.Токаевым годом рабочих профессий. Главная цель проводимых мероприятий – проявить уважение и...
19.02.2025 13:44
Көшпелі концерт – өнерпаздардың елді мекендерді аралап, жергілікті тұрғындарға мәдени қызмет көрсетуі. Мұндай шаралар халықтың рухани азық алуына, ұлттық өнерді...
19.02.2025 13:43
18 ақпан – Қазақстанда көлік полициясы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі.Бұл күн құқық қорғау органдарының осы ерекше саласының маңызды рөлін атап өтеді....
19.02.2025 13:43
14 февраля в большом зале районного акимата под председательством акима района Кайсара Муржакупова состоялось аграрное совещание с участием заместителя руководителя...