Қазақстанның болашағын дамыту, көркейту кезек күттірмейтін іс болғандықтан, білім беру саласы, оның ішінде педагог мамандығының беделін арттыру, сапалы білім мен ғылымды жас ұрпақтың санасына сіңіру әрқашанда маңызды.
Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шырақ секілді. Ғылым иесі ғалым да, батыр да, ақын да, жұмысшы да, егін салған диқан да, мал баққан шопан да бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған. Сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді. Ұстаз шәкіртін өмірге баулушы екені белгілі.
«Еңбек адамы» атты тұрақты айдарымыздағы кейіпкеріміздің жетістігі көп, үлгі етерлік істері жетерлік ұстаз Таева Сабира Хамзақызы. Ғұмырының саналы бөлігін шәкірт тәрбиесіне арнаған кейіпкеріміз Жангелді ауданы Албарбөгет ауылында дүниеге келген. Жастайынан ұстаздық жолды таңдаған Сабира Хамзақызы, Торғай педагогикалық училищесін бітіріп, бүгінде №2 Тобыл жалпы білім беретін мектебінде бастауыш мұғалімі болып қызмет атқарады. Отбасылы, 5 баланың анасы, Тобылда қазақ мектебі ашылуына үлес қосқан ұстаз.
Еліміздің болашағы мен қоғамның дамуы үшін ең маңызды сала — білім беру. Бұл саланың дамуына өзіндік үлесін қосып, Таева Сабира Хамзақызы 33 жыл бойы білім әлемінде қызмет атқарған. Өз өмірін балаларға, білім мен тәрбие беру ісіне арнап, кәсіби маман ретінде өз жолын таба білген, көптеген ұрпақтың қалыптасуына зор ықпал еткен тұлға. Сабира Хамзақызы негізгі мақсаты - оқушылардың шығармашылық қабілетін, өздік танымдық біліктілігін дамыта отырып, білім сапасын арттыруды ұйымдастыру. Мұғалім әрқашан білім мен тәрбие процесінде шығармашылықты дамытудың жолдарын іздейді. Ол жаңа әдіс-тәсілдерді енгізіп, оқушыларды тек теориялық біліммен емес, практикалық дағдылармен де қаруландырады. Жаңа технологияларды қолдану арқылы оқыту сапасын арттыру, қазіргі заман талаптарына сай бағдарлама жасау — бұл оның жұмысында үнемі назарда болатын мәселелер. Елімнің болашағы деп үміттенетін бүгінгі жас ұрпаққа білім нәрін сеуіп, еңбексүйгіштік пен адамгершілікке тәрбиелеп, білімі мен өнегесін кішкене бүлдіршіндерге арнап, бойындағы бар күш - жігерін шәкірт тәрбиелеуге жұмсайтын Сабира Хамзақызының еңбегі ерекше. Оның ұстаздық қызметі тек қана жеке жетістіктермен емес, сонымен қатар қоғамның, ұлттың дамуына қосқан үлесімен бағаланады. Оның адалдығы, еңбекқорлығы мен шеберлігі — әрбір ұстазға үлгі болатын нәрсе.
Жұмыс күндері тек сабақ өткізу ғана емес, сонымен қатар әдістемелік көмек көрсету, ата – аналар жиналыстарын өткізу, семинарларға қатысу, шеберлік сыныптарын өткізу, сараптамалық кеңесте жұмыс істеу және шығармашылық конкурстарға қатысу. Сабира Хамзақызының еңбегі көптеген мадақтамалармен, дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды.
Сабира Хамзақызының айтуынша, егер оған қайтадан мамандық таңдау мүмкіндігі берілсе, ол өз халқының тарихы мен мәдениетін таразылап, рухани құндылықтарды бойына сіңіретін, елжанды тұлға тәрбиелеу жолын қайта таңдайтын еді дейді. Сабира Хамзақызы әріптестерінің мүддесін қорғап, әлеуметтік маңызы зор жобаларға да белсене атсалысады. Бойына адалдық, әділдік, қамқорлық, еңбекқорлық сынды жақсы қасиеттерді жинай білген ұстаз оқушылар мен ұжымдастарына сыйлы, ата-аналар арасында үлкен құрметке ие.
Сабира Хамзақызына жұмысына табыс, мықты денсаулық, отбасына амандық тілейміз. Шәкірт тәрбиелеу жолындағы елеулі еңбегіңіз жемісін берсін!
19.02.2025 13:55
8-9 февраля в городе Астана прошел чемпионат Республики Казахстан по легкой атлетике среди ветеранов и Первенство Республики Казахстан по легкой...
19.02.2025 13:54
Өнерлі балаларды қолдау және шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында Тобыл кенті «Думан» Мәдениет үйінде дәстүрлі «Алтын микрофон-2025» вокалдық байқауы өтті.Бұл сайыс...
19.02.2025 13:53
Урок безопасности для ребят из Николаевской школы провели представителиАО «Варваринское».Для сотрудников АО «Варваринское» и школьников района уроки безопасности уже становятся...
19.02.2025 13:52
Наступивший новый 2025 год объявлен Президентом нашего государства К.Токаевым годом рабочих профессий. Главная цель проводимых мероприятий – проявить уважение и...
19.02.2025 13:44
Көшпелі концерт – өнерпаздардың елді мекендерді аралап, жергілікті тұрғындарға мәдени қызмет көрсетуі. Мұндай шаралар халықтың рухани азық алуына, ұлттық өнерді...
19.02.2025 13:43
18 ақпан – Қазақстанда көлік полициясы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі.Бұл күн құқық қорғау органдарының осы ерекше саласының маңызды рөлін атап өтеді....
19.02.2025 13:43
14 февраля в большом зале районного акимата под председательством акима района Кайсара Муржакупова состоялось аграрное совещание с участием заместителя руководителя...
19.02.2025 13:40
Библиотекарь Корякина Нина Олеговна провела патриотический урок «Об этой необъявленной войне» для учащихся школы им. Б. Майлина. Встреча была посвящена...
19.02.2025 13:39
В календаре событий 15 февраля отмечен как День вывода войск из Афганистана. В поселке Тобол в дань уважения событиям, памяти...
19.02.2025 13:38
В рамках плана мероприятий, направленных на воспитание в молодежи чувства патриотизма, 14 февраля на базе Майской общеобразовательной школы прошел районный...
19.02.2025 13:37
«Думан» Мәдениет үйі ұйымдастыруымен Тобыл селолық кітапханасымен бірлесіп, Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына арналған «Ерліктің шыңы» атты патриоттық сағат өтті. Бұл...
19.02.2025 13:35
15 февраля в Казахстане отмечается День памяти воинов-интернационалистов — дата, напоминающая о событиях Афганской войны, которая длилась 9 лет, 1...
19.02.2025 13:34
Специальные условия для участников системы «Келешек» предоставит первый кампус британского университета в Астане Coventry University Kazakhstan.Подписано соответствующее соглашение между Coventry...
19.02.2025 13:33
В этом году Ассамблее народа Казахстана исполняется 30 лет. К этой дате был приурочен круглый стол в Доме культуры. В...
19.02.2025 13:30
12 февраля в общественной приемной районного филиала партии «AMANAT» состоялся личный прием граждан акимом района Кайсаром Муржакуповым. В ходе приема...
19.02.2025 13:29
17 февраля аким района Кайсар Муржакупов и председатель правления АО «Варваринское» Абдурахман Исаев подписали меморандум о социально-экономическом сотрудничестве региона и...
13.02.2025 07:38
В этом году мы отметим 80 лет со дня Победы в Великой Отечественной войне. В нашей рубрике «Летопись времен» мы...
13.02.2025 07:37
Шаңғы фестивалі – бұл қысқы спорт түрлерін сүйетіндердің және табиғатта уақыт өткізуді жақсы көретіндердің асыға күтетін оқиғасы. Бұл іс-шаралар әдетте...