Тобыл кентінде тұратын әзербайжан қызы Исмаилова Севил Эйваз кызы – өз қатарластары арасында үлгілі оқушы, әрі дарынды спортшы ретінде танымал.
Ол мектепте оқу, тәртібімен ерекшеленеді және дзюдо күресімен белсенді айналысады. Оның табандылығы мен еңбекқорлығы оны жасөспірімдер арасында үлгі етуде. Севил сабағына мұқият, ұстаздарының мақтанышы, мектеп өміріне белсене қатысады, қоғамдық шараларға араласып, өз ортасында беделді. Оның тәртібі, жауапкершілігі мен еңбекқорлығы өзге оқушыларға үлгі.
Спортқа деген қызығушылығы Севилді дзюдо секциясына алып келді. Алғашқы күннен-ақ бапкерлері оның бұл спорт түріне деген қабілетін байқап, болашағынан үміт күтетінін айтты. Ол дзюдоға тек физикалық жаттығу ретінде емес, өз-өзін жетілдіру, жеңіске жету жолындағы тәрбие құралы ретінде қарайды. Исмаилова Севил спорт шеберіне үміткер, республикалық, облыстық турнирлерде бірінші және жүлделі орындарға ие болды, дарынды балалар медалімен марапатталды. Қазақстан чемпионатына қатысты. Оның қарсыластары да оның табандылығы мен шеберлігін мойындайды. Ол тек күш қолдану арқылы емес, ақылмен, стратегиямен күресуді жақсы көреді. Ол спортта биік белестерді бағындырып қана қоймай, білімін жетілдіруді де басты орынға қояды. Болашақта дзюдо бойынша үлкен жетістіктерге жетіп, басқа жас спортшыларға үлгі болуды мақсат етеді. Қазір №1 Тобыл жалпы білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы Севил болашақта ақ халатты абзал жандар қатарына қосылып, дәрігер болғысы келеді.
- Мен үшін Алғыс айту күнінің маңызы зор. Бұл күн халықтар достығы мен татулығын нығайтуға арналған ерекше мереке. Ол қиын-қыстау кезеңдерде бір-біріне қолдау көрсеткен түрлі ұлт өкілдерінің қазақ халқына деген ризашылығының белгісі. Қазақ халқы әрқашан қонақжай әрі мейірімді. Олар қай ұлттың өкілі болса да, адамдарды бауырындай қарсы алады. Алғыс айту күні – бізге қамқорлық көрсеткен жандарға ризашылығымызды білдірудің ең жақсы сәті. Сондықтан, бірінші анама Благочинная Вера Анатольевнаға, бапкерлерім Мейманбек Абдукадырұлы, Ахмет Бекнұр Ниетқалиұлы және мұғалімдеріме алғыс айтқым келеді. Марқұм Биннат Акифұлы Насибовта менің бапкерім болған еді. Алғыс айту күні жақсылық пен мейірімділіктің символы ретінде халықтарды одан әрі біріктіріп, достық пен татулықты нығайтады. Қазақстандағы достық пен ынтымақтың нығая беруін тілеймін. Алғыс айту – тек сөзбен ғана емес, іс жүзінде де көрініс табуы тиіс құндылық. Баршаңызға алғысым шексіз!- деп, өз алғысын жеткізді Исмаилова Севил.
27.02.2025 13:02
В Майской модельной библиотеке прошел вечер-элегия «Песни Абая на струнах души», приуроченный к 180-летию со дня рождения великого казахского поэта...
27.02.2025 13:01
По указу Президента Республики Казахстан Касым-Жомарта Токаева, 2025 год объявлен годом рабочих профессий. Этот важный шаг направлен на повышение статуса...
27.02.2025 09:12
Тобыл кентінде тұратын әзербайжан қызы Исмаилова Севил Эйваз кызы – өз қатарластары арасында үлгілі оқушы, әрі дарынды спортшы ретінде танымал.Ол...
27.02.2025 09:11
Айгуль ТулеубаеваДень благодарности – это яркий праздник казахстанского патриотизма, единства и дружбы, ключевая цель которого – воспитание у подрастающего поколения...
27.02.2025 09:10
Разиля Шунгурбаева, культорганизаторВ этом году исполняется 30 лет со дня образования Ассамблеи народа Казахстана, занимающей особое место в укреплении межнационального...
27.02.2025 09:09
Қазақстан теміржолы көпұлтты қоғамның ерекше үлгісін көрсетіп келеді. Түрлі ұлт өкілдерінің бір мекемеде тату-тәтті еңбек етуі – еліміздегі тұрақтылық пен...
27.02.2025 09:07
В центральную районную библиотеку поступила новая литература, изданная по государственному заказу. Среди новинок – большой выбор художественной литературы современных авторов,...
27.02.2025 09:07
Тобыл кенті спорткешенінде дзюдо жаттықтырушысы, марқұм Насибов Биннат Акифұлын еске алу мақсатында дзюдодан облыстық турнирі өтті.Турнирге Биннат Акифұлының ата- анасы,...
27.02.2025 09:06
Сотрудники АО «Варваринское» совместно с представителями Тобол-Торгайской межобластной инспекции рыбного хозяйства провели ежегодную экологическую акцию – аэрацию на р. Аят....
27.02.2025 09:04
В соответствии с Указом Президента Республики Казахстан от 13 апреля 2022 года № 872 «О мерах по дебюрократизации деятельности государственного...
27.02.2025 09:03
В рамках партийного проекта «Кедергісіз келешек» районным филиалом партии «AMANAT» совместно с карьерным центром организована и проведена ярмарка вакансий для...
19.02.2025 13:55
8-9 февраля в городе Астана прошел чемпионат Республики Казахстан по легкой атлетике среди ветеранов и Первенство Республики Казахстан по легкой...
19.02.2025 13:54
Өнерлі балаларды қолдау және шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында Тобыл кенті «Думан» Мәдениет үйінде дәстүрлі «Алтын микрофон-2025» вокалдық байқауы өтті.Бұл сайыс...
19.02.2025 13:53
Урок безопасности для ребят из Николаевской школы провели представителиАО «Варваринское».Для сотрудников АО «Варваринское» и школьников района уроки безопасности уже становятся...
19.02.2025 13:52
Наступивший новый 2025 год объявлен Президентом нашего государства К.Токаевым годом рабочих профессий. Главная цель проводимых мероприятий – проявить уважение и...
19.02.2025 13:44
Көшпелі концерт – өнерпаздардың елді мекендерді аралап, жергілікті тұрғындарға мәдени қызмет көрсетуі. Мұндай шаралар халықтың рухани азық алуына, ұлттық өнерді...
19.02.2025 13:43
18 ақпан – Қазақстанда көлік полициясы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі.Бұл күн құқық қорғау органдарының осы ерекше саласының маңызды рөлін атап өтеді....
19.02.2025 13:43
14 февраля в большом зале районного акимата под председательством акима района Кайсара Муржакупова состоялось аграрное совещание с участием заместителя руководителя...