ГЛАВНОЕ В РАЙОНЕ ЗА НЕДЕЛЮ

08 Ноябрь 2018

3 ноября большим концертом народный вокальный ансамбль «Ивушки» из села Берегового отметил свое 18-летие.

08 Ноябрь 2018

9 ноября работники сельскохозяйственной сферы нашего района отметят свой профессиональный праздник. В его преддверии мы решили побеседовать с заместителем акима района Мирасом Ахметовым, курирующим вопросы сферы. Тема нашей беседы — ​итоги...

08 Ноябрь 2018

За его плечами многолетний опыт и почтение за непосильный труд перед малой родиной. Накануне праздника людей труда нам удалось встретиться и лично побеседовать с основателем и первым директором совхоза «Рудненский», ныне с. Юбилейное.

08 Ноябрь 2018

Түйе мен жылқы – ежелден өсіріліп келе жатқан табысты түлік. Сойсаң – ет, саусаң – сүт, жүні мен терісі де бағалы шикізат болып табылады. Шаруашылықта ірі қара малмен, қоймен бірге түйе мен жылқы өсірудің тиімділігі ұшаң теңіз....

08 Ноябрь 2018

Ветеран труда сельского хозяйства Лидия Индюкова делится с нашими читателями историей своей многолетней трудовой деятельности.

Previous
Next
  • 08 Ноябрь 2018
  • 08 Ноябрь 2018
  • 08 Ноябрь 2018
  • 08 Ноябрь 2018
  • 08 Ноябрь 2018

 

Астана күні ауданымыздың өнерпаздарын біріктірді

b_600_290_16777215_00_images_images_2018_28_28-2018-10.JPGШілденің 5-ші жұлдызында аудандық мәдениет үйінің қабырғасында Астанамыздың 20 жылдық мерейтойына арналған екі фестиваль өтті. «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мемлекеттік бағдарламасының аясында ұйымдастырылған «Менің қымбатты Астанам!» атты егде жастағы кісілердің, «Әнім сенсің – Астана!» балалар, жасөспірімдер шығармашылығының фестивалі жас дарындардың қатысуымен өткізілді.

Аталмыш фестивальдардың біркүндік бағдарламасы қарттарға да, жастарға да жаңа достар тауып, ауылдық округтердің мәдениетімен танысуға мүмкіндік берді. Кезінде сан-салада еңбек етіп, бүгінде зейнетке шыққан алғашқы фестивальдің қатысушыларының бірі Серік Шуинов «Жас қалам» әнімен сахна шымылдығын ашты. Бүгінде спорт және мәдениет ардагері болып табылатын Серік ағамыздың да, қазақтың халық әні «Көк өрікті» орындаған медицина саласының ардагері Жайылған Дүйсекеновтың да зор дауыстары, орындау шеберліктері көрермендерді тәнті қылды. Қатысушылардың ең үлкені Ефросинья Приходько жүректен шыққан «Мамины руки», «Цените тех, кто вас искренне любит» өлеңдерін жүрекке жеткізсе, республикалық «Астана Бәйтерек» композиторлар байқауының лауреаты, «Мәдениет үздігі» төсбелгісімен марапатталған мәдениет саласының еңбегі сіңген қызметкері Владимир Лущтың жетекшілігімен өнер көрсетіп жүрген «Сударушки» тобы да жиналғандарды ерекше әсерге бөледі. Мерекелік бағдарламаны жалғастырған Новоильинов ауылдық округінің «Рябинушки» тобы, Приозерный ауылының қатысушысы Клавдия Ульянова, Майский елді-мекенінің тұрғыны Надежда Чаплинских жан біткеннің жанын тебірентіп, толқытты, толғандырды. Наталья Вишниченко, Татьяна Браун, «С песней по жизни» және «Родные напевы», «Селяночка» вокалдық топтары үлкен сахнаның әртістері болмағанымен, орындау шеберліктерімен олардан кем түскен жоқ. Жалпы, іс-шара жылы ниетті, шын ықыласты жағдайда өтті, әсіресе, залдың ішінде сазды әуенмен тербелгендер көзге түсті. Фестиваль мәресіне жеткен соң, құттықтау сөз сөйлеген аудандық ардагерлер кеңесінің басшысы Раиса Овчарова өнерлі, жігерлі қарттар мен адагерлерге алғысын білдіріп, көпшіліктің алдында арнайы мадақтамалармен марапаттады.

Ардагерлер фестивалі балалар және жасөспірімдер шығармашылығының фестиваліне ұласты. Ауылдық округтерден келген 7-30 жас аралығындағы 23 қатысушы өнерлерін көрсетіп, көрермендердің қошеметіне бөленді. Жан-жақтан келген орындаушылардың тыңғылықты дайындалғанын байқамау мүмкін емес. Тақырыптық фестивальдің сәніне айналған өнерпаздар ән таңдауына да үлкен жауапкершілікпен қарап, патриоттық рухтағы туындыларға екпін жасаған. «Талантты жандардың өнеріне тамсанып отырмын. Тіпті, бұл шараға келіп, марқайып қалдым», - дейді көрермендердің бірі Айым Құрманғалиева. Залда отырған көрермендер, расымен де, марқайып, сахнаға шыққан әр орындаушыны ду қол шапалақпен қарсы алып отырды. Жиналғандардың қолдауы оларға сенімділік берді десек, артық айтқанымыз емес. Қатысушылардың айтуынша, жастар ресурстық орталығының директоры Гүлбарам Тюлюбаеваның алғыс хаттары да оларға өзіндік қуат беріп, алдағы уақытта да әрі қарай шығармашылықпен айналысуға шабыттандырды.


Обновление на сайте

Ансамбль «Ивушки» отметил день рождения

08.11.2018 11:36

Ансамбль «Ивушки» отметил день рождения

3 ноября большим концертом народный вокальный ансамбль «Ивушки» из села Берегового отметил свое 18-летие.

Хлеб убран - пришло время подвести итоги работы

08.11.2018 11:35

Хлеб убран - пришло время подвести итоги работы

9 ноября работники сельскохозяйственной сферы нашего района отметят свой профессиональный праздник. В его преддверии мы решили побеседовать с заместителем акима...

Славься, человек труда!

08.11.2018 11:33

Славься, человек труда!

За его плечами многолетний опыт и почтение за непосильный труд перед малой родиной. Накануне праздника людей труда нам удалось встретиться...

Ата бабасының жолын жалғап отырған ауылдықтар

08.11.2018 11:33

Ата бабасының жолын жалғап отырған ауылдықтар

Түйе мен жылқы – ежелден өсіріліп келе жатқан табысты түлік. Сойсаң – ет, саусаң – сүт, жүні мен терісі де...

В подарок детям от меценатов

08.11.2018 11:31

Местные предприниматели и руководители ТОО продолжают поддерживать развитие сферы образования.

Шабуыл жасап, қорғанысқа шықты

08.11.2018 11:30

Шабуыл жасап, қорғанысқа шықты

Рухани келісім күніне орай, Рудный қаласының «Нұр» мешітінің ұйымдастыруымен облыстық спорттық жарыс өткен болатын. Біздің тарандықтар жүлдеге ие болды ма?

Самбисты вернулись с победой

08.11.2018 11:30

Самбисты вернулись с победой

Сборная Тарановского района по самбо вернулась с призовыми местами с ежегодного областного турнира.

Ұжым депутаттарды жылы қабылдады

08.11.2018 11:29

Ұжым депутаттарды жылы қабылдады

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасының орынбасары, облыстық депутаттар фракциясының мүшесі және аудандық мәслихат депутаттарының бірқатары Новоильин ауылының тұрғындарымен жүздесті.

В детский дом - со сказкой

08.11.2018 11:28

В детский дом - со сказкой

В минувшую субботу артисты районного Дома культуры в очередной раз посетили детский дом.

Труд во благо малой родины

08.11.2018 11:26

Труд во благо малой родины

Ветеран труда сельского хозяйства Лидия Индюкова делится с нашими читателями историей своей многолетней трудовой деятельности.

 
Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане