User Registration

or Отмена

ГЛАВНОЕ В РАЙОНЕ ЗА НЕДЕЛЮ

16 Май 2018

Корреспонденты районной газеты стали участниками пресс-тура по территории АО «Варваринское», организованного для представителей исполнительной власти Тарановского и Житикаринского районов, а также региональных и областных СМИ. Такой формат...

16 Май 2018

Қазақ даласы қара басынан гөрі, қарашаның қамын ойлаған ерлерге кенде емес. Ұлыларын ұлықтай білген тарандықтар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында тағы бір іргелі істің ұйытқысы болды. Аудан орталығындағы №1 Таран орта мектебіне құрметті...

16 Май 2018

Өткен аптада С.Ерғалиев мектебінің базасында аудандық мектеп оқушыларының КТК ойыны өтті. Қазақ тілінде өткен ойынды ұйымдастырушы аудандық «Жастар ресурстық орталығы».

16 Май 2018

16 мая в зале заседаний акимата прошла встреча заместителя председателя КОФ партии Алмата Досмухамедова с активом районного филиала «Нұр Отан» для избрания нового председателя. Им стал аким района Куандык Испергенов.

16 Май 2018

Лазанье по канату, прыжки по болотным кочкам, переправа через ручей, транспортировка раненого товарища... Эти и многие другие сложные препятствия преодолели ребята из 10 школ района на туристическом слете на базе «журавлевской балки» 12 мая.

Previous
Next
  • 16 Май 2018
  • 16 Май 2018
  • 16 Май 2018
  • 16 Май 2018
  • 16 Май 2018

 

Романтикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

b_600_290_16777215_00_images_images_2018_16_16-2018-6.JPGӨткен аптада Тобыл кентінің «Думан» мәдениет үйінде Ғашықтар күніне арналған байқау өтті. Отбасындағы адамгершілікті, сүйіспеншілікті, достық сезімін қалыптастыру, эстетикалық көзқарастарын дамыту мақсатымен ұйымдастырылған аталмыш шараның қызығы да, кем тұстары да болды.

 

«Армысыздар, қымбатты қонақтар, көрермендер! Бүгінгі «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» атты ғашықтар күніне арналған мерекелік кешімізді ашық деп жариялаймыз!», - деп сайыстың шымылдығын ашқан жүргізуші Жаслан Құрманғалиев сынға түскен қатысушылар мен әділқазылар алқасын таныстырып өтті. Бірақ, өкінішке орай, залда жұптарға қолдау көрсететін санаулы ғана көрермен болды. Ұйымдастырушылар «келер-ау» деген үмітпен байқауды кешірек бастаса да, үміттері ақталмады. Десек те, олардың үмітін қатысушылар ақтады. Себебі, үлкен жауапкершілікпен, әрі тиянақты дайындалған әр жұп біздің ғана емес, әділқазылардың көңілінен шықты. Тиісті деңгейде өткен аталмыш кеш орын алған кемшіліктерді жуып-шайды.

Кезең-кезеңге бөлінген сайыстың алғашқы турында жұптардың барлығы өздерін таныстырып, неше жыл отасқандары, балалары және қызметі жайлы айтқанмен, осыдан жиырма төрт жыл бұрын шаңырақ көтерген Мамай мен Жаңагүл Ізтілеу сәлемдемелерін проза емес, поэзия түрінде жеткізіп, ерекше көзге түсті. Ал, екінші кезең қатысушыларға оңайға түсті деуге болмас. Қойылған талап бойынша қазақ халықының эпостарының бас каһармандары - Қозы Көрпеш- Баян сұлу, Қыз Жібек- Төлеген, Еңлік- Кебек, Ер Тарғын – Ақжүніс, Ләйлі – Мәжнүн хикаяларын қазақы нақышта баяндап беруі тиіс кезең қатысушыларға оңайға түскен жоқ. Мұнда олардың тарихты, әдебиетті білуі де, шешендік өнері де бағаланды. Содан соң, жұптар өз өмірлеріндегі ең қызықты сәттерін айтып берді. Бірі қалай танысқандарын тілге тиек етсе, енді бірі өзге де қызықты да, күлкілі сәттерімен бөлісті. Өз қолдарынан жасаған сыйлықтарын қатысушылар бір-біріне төртінші кезеңде тарту етті. Романтикаға толы турда Әділбек Қуантай жарына тосын сый да жасады, әнін де шырқаса, сүйіктісі Қолғанат креативті идеясымен жолдасының ғана емес, қазылар алқасының да жүрегін баурап алды. Соңғы кезеңде қатысушылардың барлығы да жүргізушінің қойылған сұрақтарына жауап беріп, қарсыластарына дес бермеді. Осылайша, ғашықтар күніне арналған байқау өз мәресіне жетті.

Нәтижесінде «Думан» және «Ұшқын» мәдениет үйлерінің, жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен сайыстың бас жүлдесін Әділбек Қуантай мен Қолғанат Ақылбекова (фотосуретте) жеңіп алды. Мамай мен Жаңагүл Ізтілеу қанжығасына 1-орынды байласа, екінші орынды Асылхан мен Әсел Бірмағанбетовтар және Мейрамбек пен Гүлмира Хусаиновтар бөлісті. Жүлделі 3-ші орын Нұрсұлу Нағашыбай мен Нұржан Сатанбаевқа бұйырды. Барлығына да салтанатты түрде мадақтамалар мен сыйлықтар табысталды. Ұйымдастырушылардың атынан Қозы Көрпеш пен Баян сұлудай шынайы сезімді ұлықтап жүрген қатысушыларға алғысымызды білдіреміз.

 


Обновление на сайте

Цифровизация в действии

16.05.2018 16:03

Цифровизация в действии

Корреспонденты районной газеты стали участниками пресс-тура по территории АО «Варваринское», организованного для представителей исполнительной власти Тарановского и Житикаринского районов, а...

Сапар Ерғалиев есімі мектепке берілді

16.05.2018 16:02

Сапар Ерғалиев  есімі мектепке берілді

Қазақ даласы қара басынан гөрі, қарашаның қамын ойлаған ерлерге кенде емес. Ұлыларын ұлықтай білген тарандықтар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында тағы...

Добро пожаловать, латинский алфавит!

16.05.2018 16:01

Добро пожаловать, латинский алфавит!

Переходу казахского языка на латинскую графику уже сейчас уделяется много внимания.

Да будет НОВЫЙ ШКОЛЬНЫЙ сад

16.05.2018 16:00

Да будет НОВЫЙ ШКОЛЬНЫЙ сад

Сотрудники Управления государственных доходов в рамках программы «Рухани жаңғыру» инициировали и проспонсировали посадку садовой зоны на территории средней школы имени...

АО «Варваринское» - за чистоту окружающей среды

16.05.2018 16:00

АО «Варваринское» -  за чистоту окружающей среды

Май для жителей Тарановского района стал максимально насыщенным в борьбе за экологию. Так, тарановцы оказались задействованы не только в двухмесячнике...

Оқушылар арасында КТК өтті

16.05.2018 15:59

Оқушылар арасында КТК өтті

Өткен аптада С.Ерғалиев мектебінің базасында аудандық мектеп оқушыларының КТК ойыны өтті. Қазақ тілінде өткен ойынды ұйымдастырушы аудандық «Жастар ресурстық орталығы».

«100 кітап» - рухани байлықтың тетігі

16.05.2018 15:58

Ол-өз елінің тарихын, мәдениетін, рухани құндылықтарын терең меңгерген, әлеуеті биік, мәдениеті жоғары, көзі ашық, көкірегі ояу маман қалыптастыру үшін жастарды...

«Latyn a'lipbıi jan'g'yry' – jazy'dan bastalady

16.05.2018 15:57

Latyn a'lipbıine ko'shy' – qazaq tilinin' halyqaralyq da'rejege shyg'y'yna jol ashady. Elimizdin' latyn a'lipbıine ko'shy' - ultymyz u'shin jasalg'an man'yzdy...

99-летие отметила Бартай Ержанова

16.05.2018 15:56

99-летие отметила Бартай Ержанова

Бартай Ержанова встретила вот уже 99 День Рождения. Поздравили ее со знаменательной датой не только близкие родственники, но и представители...

Новый вектор работы МРЦ

16.05.2018 15:55

Новый вектор работы МРЦ

С 29 апреля по 7 мая с целью обмена опытом и налаживания дружественных и профессиональных контактов между молодежными организациями разных...

Канал на YouTube