ГЛАВНОЕ В РАЙОНЕ ЗА НЕДЕЛЮ

11 Октябрь 2018

В понедельник госслужащие и представители различных сфер деятельности района приняли участие на расширенном заседании с участием акима области.

11 Октябрь 2018

Руководитель местного ТОО получил награду «Жомарт жүрек»

11 Октябрь 2018

Елімізде мұғалімдер күні қазанның бірінші жексенбісінде кең ауқымда аталып өтіледі. Білім саласы қызметкерлерінің мерекесіне орай, Таран ауданының Е.Өмірзақов атындағы мәдениет үйінде салтанатты жиын өтті. Аталмыш шараға білім саласының...

11 Октябрь 2018

Ауданымыздың ауылдық аймақтарында, соның ішінде Таран ауылдық округінде жүйелі түрде абаттандыру жұмыстары жүргізіліп отырады. Аталған округ әкімінің міндетін атқарушы Азамат Бердалиновтың айтуынша, соңғы уақытта біраз шаруа атқарылды. Айта...

11 Октябрь 2018

Аудан орталығындағы Жабағы батыр көшесінде орналасқан «Надежда» дүкенінің иелері абаттандыру жұмысына кіріскен сынды. Автокөліктердің дүкен маңайына тұрақтауы үшін кеспе тастар төсеп, өз аймағын мәдениеттендіруде. Бәрекелді! Жеке...

Previous
Next
  • 11 Октябрь 2018
  • 11 Октябрь 2018
  • 11 Октябрь 2018
  • 11 Октябрь 2018
  • 11 Октябрь 2018

 

Біздің мұғалімдер – ең үздік!

b_600_290_16777215_00_images_images_2018_41_41-2018-8.jpgЕлімізде мұғалімдер күні қазанның бірінші жексенбісінде кең ауқымда аталып өтіледі. Білім саласы қызметкерлерінің мерекесіне орай, Таран ауданының Е.Өмірзақов атындағы мәдениет үйінде салтанатты жиын өтті. Аталмыш шараға білім саласының ардагерлері, аудандық білім беру мекемелерінің басшылары және ұстаздар қауымы, барлығы аудан мектептерінің 220 педагогтары қатысты.


Күн сайын оқушылардың жүрегіне жол тауып, ізгілік нұрын себуге ұмтылатын осы бір жылы жүзді, жайдарлы жандарға арналған мерекелік бағдарлама ән мен биге, жылы сөздер мен марапаттауларға толы болды. Аудан әкімі Қуандық Испергенов білім нәрімен сусындатып қана қоймай, бала бойына тәлім-тәрбиенің асыл қазынасын құя білетін қымбатты ұстаздарды құттықтап, салтанатты түрде есімдері аталған бірқатар мұғалімдерге аудан әкімінің алғыс хатын табыстады. Бұл күні ол жыл сайынғы дәстүр бойынша белгілі бір номинациялардың жеңімпаз мектептерін де марапаттады. Айта кету керек, 2017-2018 оқу жылының қорытындысы бойынша «Жыл мектебі - 2018» атағы С.Ерғалиев атындағы орта мектепке берілді.
Аудандық білім беру бөлімінің басшысы Айгүл Алимбаева да әріптестерін осынау айтулы күнмен құттықтап, сахна төрінде аудан педагогтарының таңдаулы мұғалімдерді білім беру басқармасының, білім беру бөлімінің грамоталарымен марапаттады. Ұстаздар күніне арналған іс-шара барысында биылғы оқу жылы ұстаздар отбасын толықтырған 18 жас маман да назардан тыс қалған жоқ. «Бүгін төл мерекеміз ұстаздар күнін атап өтудеміз. Біз бүгін ең үздік мұғалімдерді мадақтаудамыз. Аудан әкімінің алғыс хатымен он, білім басқармасының грамотасымен екі, білім беру бөлімінің грамотасымен бес мұғалім марапатталды. Сонымен қатар, біз жиырма сегіз мектептің әрқайсысын атап өтуге барынша тырыстық. Біздің педагогтар да, оқушыларымыз да – ең үздік!», - деді бізге берген сұхбатында Айгүл Алимбаева. Бұл күні даналық пен даңқтың үлгісі болып табылатын ардагер ұстаздарға да қошемет те, құрмет те көрсетілді. Ардагер ұстаздардың бірі Мансия Кожбанова жас мамандардың білікті, білімді болуын және алға қойған мақсаттарына жетуін тілесе, Қостанай педагогикалық колледжін Қызыл дипломмен тәмамдаған Альмира Сандығұлова сұхбатта дәл осы мамандықты таңдағанына еш өкінбегенін тілге тиек етті. Оның айтуынша, Б.Майлин атындағы орта мектептің ұжымы жас маманды өте жылы қабылдап, тәлімгерлер барлық бастамаларда көмегін, кеңесін беріп отырады.
Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы «Ұстаздық – ұлық емес, ұлы қызмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қалай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да солай ардақтауға міндеттіміз» деген екен. Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек десек, артық айтқанымыз болмас. Ауданымыздың ұлағатты ұстаздарын кәсіби мерекелерімен құттықтай келе, шын жүректен оларға зор денсаулық, қажымас қайрат, бақ-береке тілейміз! Алдыңызда әрқашан тағзым етіп тұрармыз, ұстазым, деп басымызды иеміз.


Обновление на сайте

«Батыр» ждет своих посетителей

11.10.2018 06:36

«Батыр»  ждет своих  посетителей

В Юбилейном сельском округе открылся спортивный клуб «Батыр»

«ҚАЗТЕСТ жүйесі:жетістіктері мен даму болашағы»

11.10.2018 06:35

Қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалаудың бірден –бір құралы - ҚАЗТЕСТ жүйесі жүйелі өзгерістерге ұшырап, қайта жаңартылуда. Осы орайда, 26-қыркүйекте «ҚАЗТЕСТ...

Народ должен ощущать результаты работы

11.10.2018 06:34

Народ должен ощущать  результаты работы

В понедельник госслужащие и представители различных сфер деятельности района приняли участие на расширенном заседании с участием акима области.

Күздің алғашқы жәрмеңкесі өтті

11.10.2018 06:33

Өткен сенбі күні Тобыл кентінде ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.

Благо дарить

11.10.2018 06:32

Благо дарить

Руководитель местного ТОО получил награду «Жомарт жүрек»

Біздің мұғалімдер – ең үздік!

11.10.2018 06:30

Біздің мұғалімдер – ең үздік!

Елімізде мұғалімдер күні қазанның бірінші жексенбісінде кең ауқымда аталып өтіледі. Білім саласы қызметкерлерінің мерекесіне орай, Таран ауданының Е.Өмірзақов атындағы мәдениет...

За строкой Послания

11.10.2018 06:27

За строкой Послания

5 октября текущего года во всех уголках страны народ Казахстана с воодушевлением слушал новое ежегодное Послание Президента.

Жолдау қолдау тапты

11.10.2018 06:26

Жолдау қолдау тапты

Елбасының 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын тарандықтардың басым көпшілігі, соның ішінде аудандық орталық...

ЕГО МЕЧТА СБЫЛАСЬ

11.10.2018 06:24

ЕГО МЕЧТА СБЫЛАСЬ

В этом году многие выпускники определились с выбором профессии, некоторые из них смогли осуществить свои мечты. Одним из таких стал...

Қандай жұмыстар атқарылды?

11.10.2018 06:23

Қандай жұмыстар атқарылды?

Ауданымыздың ауылдық аймақтарында, соның ішінде Таран ауылдық округінде жүйелі түрде абаттандыру жұмыстары жүргізіліп отырады. Аталған округ әкімінің міндетін атқарушы Азамат...

 
Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане