Сап та түзеді, ән де айтты

b_600_290_16777215_00_images_images_2018_19_18-2018-12.JPGМамырдың 5-ші жұлдызында С. Ерғалиев атындағы орта мектебінде «Ән мен сап» байқауы өтті. Отан қорғаушылар күніне, Ұлы Жеңіс күніне, Астананың 20 жылдығына арналған іс-шараға 5-11-сынып оқушылары қатысты.

 

Патриоттық байқау барысында әр сыныптың саптық дайындығын, саптық әні мен құрамның сырт келбетін бағалаған әділқазылар алқасы қосымша элементтерге аса мән берді. Аталмыш мектептің АӘД мұғалімі-ұйымдастырушысы Азамат Мұхамбетжановтың оқушыларды тиянақты, жоғары жауапкершілікпен дайындағаны көрініп-ақ тұр. Әсіресе, олардың киім кию үлгілері бірден көзге түсті. Қорытынды сөз сөйлеген әділқазылар алқасы да қатысушылардың сырт келбетін тілге тиек етіп, саптық дайындығын көрсету кезіндегі оң тұстары мен кемшіліктерін де айтып өтті. Әділ бағасын бере білген аудандық мәслихаттың депутаты Айбатыр Ахметбеков, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысының орынбасары Нұржан Сариев, білім саласының ардагері Владимир Чермошенцев айтулы мерекелер қарсаңында жылы лебіздерін білдіріп, байқаудың маңыздылығына да тоқталып өтті. Айта кету керек, арнайы шақырылған қонақтар саптық дайындыққа баға бере отырып, бастауыш сынып оқушыларының орындауындағы әскери әндерді тамашалап отырды.

«Ән мен сап» байқауының нәтижесінде 8-сынып оқушылары бас жүлдені жеңіп алды. Дәл осы сыныптың командирі Дильназ Валиева «Ең үздік командир» номинациясын иеленді. Ал, 1-орынға 10-сынып оқушылары, 2-орынға 6,11-сынып оқушылары орнықты, 3-орын 5,7,9-сыныптарға бұйырды.

 


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане