Мәдениет қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

b_600_290_16777215_00_images_images_2018_24_9-24-2018.JPGМәдениет және өнер қызметкерлерінің күні – 21-мамыр. Бірақ, айналасын думанға бөлейтін сан қырлы талант иелері және жан дүниесі бай, нағыз өз ісінің майталмандарының өнерге берілгендігі соншалық, тіпті, «ештен кеш жақсы» деп өздерінің кәсіби мерекелерін кейінге қалдырған. Қалай десек те, бұл күн әрбір мәдениет қызметкері үшін ерекше күн болды.

 

Маусымның 7-ші жұлдызында «Ұшқын» мәдениет үйінде алты жылдай аталып жүрген мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні мерекеленді. Салтанатты іс-шара мәдениет саласының барлық өкілдерінің, нақтырақ айтсақ, кітапханашылардың да, музей, ауылдық мәдениет үйлерінің қызметкерлерінің басын қосты. Жергілікті мәдениет қызметкерлерін аудан әкімі Қуандық Испергеновтың өзі құттықтады . Қалыптасқан дәстүр бойынша мерекелік концерттің бірінші бөлімінде аудан әкімі мәдениет саласының үздік қызметкерлерін алғыс хаттармен марапаттады, мәдениеттің ардагерлері мен туған күн иелері де назардан тыс қалған жоқ.

Бұл күні мәдениет және өнер саласының майталмандары сахнаның шымылдығының артында емес, көрермен ретінде залда отырды. Жерлестеріне қуаныш, шаттық, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын өнерпаздар мұндай құрметке лайық емес пе? Тарандық мәдениет және өнер қызметкерлерінің өз істеріне берілгендігі, шеберліктері мен таланты өңіріміздің одан әрі гүлденуіне игі ықпалын тигізеді десек, артық айтқанымыз болмас. Дәл осы күні мерекелік бағдарламасын сыйға тартқан Меңдіқара ауданы мен Рудный қаласының шығармашылық ұжымдары кештің сәнін келтіріп, әріптестеріне деген жылы лебіздерін білдіруден аянбады. Біз де мереке иелеріне жалыны мол күш-жігер, ұмтылыстар, шығармашылық табыстар, жарқын да қызғылықты бастамалар тілейміз!


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане