Интернатттағы аналар мейрамы

b_600_290_16777215_00_images_images_2019_11_11-2019_2.jpgӨткен аптада С.Ерғалиев атындағы мектеп жанындағы интернатында көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз - халықаралық әйелдер күніне арналған жырдан шашу, биден шашбау төгілді, бір сөзбен айтқанда, мерекелік концерт болып, оқушылар өздерінің өнерлерін ортаға салып, барша жұртты тәнті етті.


«Аяулы менің аналарым» атты кеш әсем гүлдермен, шарлармен безендірілді.
Көңілдерінде кірбің жоқ бала көңіл балғын жеткіншектер өздерінің жырларын, әндері мен өлеңдерін, билері мен күйлерін, барлығын ару ханымдарға, аяулы аналарға, дарынды ұстаздарға, жалпы, әлемдегі бар сұлулықтың иесі қыз деген жаратылысқа арнап жатты. Сондай-ақ, интернат тәрбиешілері де оқушылардың талабын қолдап, қосылып ән шырқады. Данил Тамашовский мен Серік Мирастың «Қара жорға» биі көпшілікті тәнті етті. Тәрбиеші Тұрар Орынбай бастаған оқушылар «Ана жыры» әнін жақсы орындап шықты. Кеш соңы мерекелік дастарқанға ұласып, оқушылар тәтті тағамдардан ауызтиді.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане