Жас бапкер Әлішерден күтер үмітіміз зор

b_600_290_16777215_00_images_images_2019_11_11-2019_4.jpgДзюдо идеологиясын әлемнің миллиондаған тұрғындары бақылап отырады. Бүгінде дзюдо — ең танымал спорт түрі.


Тобыл кентінде спортты көтеріп, балалардың спортпен айналысып, бос уақыттарын тиімді пайдаланып, салауатты өмір салтын сақтауды мақсат тұтқан секцияның болашағынан ата-аналар қауымы үлкен үміт күтеміз. Дзюдо, самбо күресіне икемі бар, физикалық тұрғыдан дайын балалардың барлығы осы секцияға қатысуда. Нағыз мықты балуандар ауылдан шығады. Өйткені, ауылдың баласы өте намысшыл, физикалық тұрғыдан мықты болады. Әрине, оларды жарысқа дайындайтын бапкердің де тәжірибелі болғаны жақсы. Бапкер психологиялық тұрғыда мықты, шапшаң шешім қабылдайтын, төзімді адам болуы керек. Әсіресе, жауапкершілік тұрғысынан алғанда, арқалайтын жүгі ауыр. Бүкіл елдің бет-бейнесі болатын жауынгер жігіттерді тәрбиелеу, жарысқа баптап қосу, сенімінен шығу да оңай шаруа емес. Сондықтан да, бұл жерде жастарды жарысқа білікті бапкерлер, өз ісінің кәсіби шеберлері дайындайды. Дзюдо мен самбо күресінің секцияларының жұмысы біздің ауылда да ойдағыдай өтіп жатыр деп ауыз толтыра айта аламыз. Тобыл кентінің тұрғыны Әлішер Таевтың бала кезден арманы-туған ауылының балаларын спортқа баулып, ауылдан «мықты» балуандарды шығарып, дүбірлі додаларға қатыстыру болатын. Ол бүгінде сол арманына қол жеткізіп, ауылда ашылған самбо және дзюдо секциясының бапкері болып тағайындалды. Жас бапкердің қарамағында ауылдың 20 баласы жаттығып, тәлім алып жүр.
«Мен бағындырмаған белестерді бүгінгі шәкірттерім бағындырса, туған ауылымнан Олимпиада чемпиондары шықса деген арманым бар. Сол жолда тынбай еңбектенетін боламын»,-дейді жас бапкер Әлішер Таев. Ауылымыздың спорт кешенінде дзюдо мен самбо күресімен айналысу үшін барлық жағдай жасалған татами, балаларға арнайы киімдер, қажетті дүниелер сатылып алынған. Оқудан тыс уақытта балаларымыз салауатты өмір салтын сақтап, спортпен шұғылданып, уақыттарын тиімді өткізіп жүргендеріне ата-ана ретінде қуаныштымыз.
- Болашақта белгілі спортшы ағаларымыздай Олимпиада төрінде өнер көрсетуді армандаймын. Ол үшін мықты дайындық керек және оқуда да озат болғаның дұрыс. Сондықтан да бапкерлерімнің айтқанын бұлжытпай орындап, дайындықтан қалмауға тырысамын,-дейді Тобыл кентінің жас балуаны Жұмаділ Арлан.
Тобыл кентінде бірнеше жылдың жүзінде дзюдо мен самбо күресінің секцияларынан жас балуандарды дайындау барысының ыстығы мен суығына төзе білген, өткізілетін іс-шараларды ұйымдастырып, атсалысып жүрген тәжірибелі бапкер Мейманбек Әбдіқадырұлына да айтар алғысымыз шексіз. Бапкерлерімізге еңбектеріңіз биік шыңнан көріне берсін- дегіміз келеді. Ата-аналар қауымы атынан шығармашылық табыс тілейміз.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане