«Әйет» мешітінде оқушылар спорттық сайыстан бақ сынады

b_600_290_16777215_00_images_images_2019_13_13-2019-7.JPGНаурыз мейрамын тойлау мақсатында аудан орталығындағы «Әйет» мешітінің жамағаты ұлттық спорттан жарыс өткізді. Жастар жылы аясында ұйымдастырылған жарыс мектеп оқушылары арасында өтті.


- Жарыстың басты мақсаты - жастарды дінге тарту. Бүгінгі таңда жастардың көз алдында дін рухани-құлықтық идеаларды таратушы және мәдени дәстүрді сақтаушы ретінде жоғары дәрежеге ие болып отыр. Сондықтан жастардың рухани-танымдық тәрбиесін, діни сауаттылығын арттыру маңызды. Қоғамның діни өмірінің тенденцияларын, діни ахуалды ескере отырып, оны жастарға жеткізіп отыру қажет. Кез-келген мемлекеттің жарқын болашағы мен кемелденуі осы жастардың болмысы мен санасына, мәдени дамуына, білім мен тәжірибе деңгейіне байланысты болады. Сондықтан жастардың заманға сай діни білім деңгейлерін арттырып, дәстүрлі құндылықтарды сақтау бүгінгі күннің басты мәселесі,- деді аудандық мешіттің бас имамы Ислам Хамзин.
Жарыс ұлттық ойындардың бес түрінен, яғни, асық ату, арқан тарту, қол күрес, тоғызқұмалақ, шахматтан өткізілді. Оған Новоильин, Красносельск, Б.Майлин және С.Ерғалиев атындағы орта мектептердің оқушылары қатысты. Сайыста 40-қа жуық оқушы бақ сынады.
Жарыс қорытындысы бойынша орындар төмендегідей:

Арқан тартудан: 1. Б.Майлин атындағы орта мектеп, 2. С.Ерғалиев атындағы орта мектеп, 3. Красносельск орта мектебі.
Тоғызқұмалақтан: 1.Еркебұлан Жалғас, 2. Сұлтан Асимов, 3. Алексей Ример.
Шахматтан: 1. Еркебұлан Асет, 2. Данияр Кәрім, 3. Әмір Тоқмырза.
Қол күрестен: 1. Марат Жұмабаев, 2. Алмат Өтегенов, 3. Алексей Ример.
Асық атудан: 1. Бақтияр Ыбышев, 2. Ақниет Жүнісов, 3. Виктор Граф.
Жалпы командалық есеп бойынша бірінші орынды, яғни кубокты С.Ерғалиев атындағы мектептің оқушылары жеңіп алды.
Жеңімпаз командалар мен оқушыларға мешіт ұжымы арнайы естелік сыйлықтар табыстады.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане