- Подробности
-
Категория: Последний номер
-
Создано 11.04.2019 08:32
-
Автор: Айбатыр Ниязбек
-
Просмотров: 904
Өткен жұма күні ауданға арнайы іс сапармен «Nur Otan» партиясының хатшысы Фархад Қуанғанов келді. Ол партияның Таран аудандық филиалының депутаттық фракциясының кеңейтілген отырысына қатысып, ауданның әлеуметтік мәселелерімен танысты.
Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада Үкімет басшысының орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова бастаған жұмыс тобы Қостанай облысына іссапармен келген еді. Жұмыс тобының құрамында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б.Сапарбаев, Білім және ғылым министрі К. Шәмшідинова, Денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов, Құрылыс және тұрғын-коммуналдық шаруашылығы істері бойынша Комитет төрағасы М.Жайымбетов, «Nur Otan» партиясының хатшысы Ф. Қуанғанов болды.
Жоғарыда аталған депутаттық фракцияның отырысын «Nur Otan» партиясы Қостанай облыстық филиалы төрағасының Бірінші орынбасарының міндетің атқарушы Досмухамедов А.К. жүргізіп отырды.
Отырыс Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Nur Otan» Партиясының XVIII Съезінде айтылған қорытындыларға, яғни Елбасы тапсырмаларының орындалу барысына арналды.
Күн тәртібіне орай «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Даданова «Бақытты отбасы», «Халыққа көмек» жобалары аясында, аудандық білім бөлімінің басшысы А.Алимбаева білім жүйесін жетілдіру, тегін ІТ сыныпты дамыту жөнінде білдірме жасады.
Фракция отырысын қорытындылаған Фархад Шаймұратұлы Тұңғыш Президентіміз, Елбасы, «Nur Otan» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмаларын тиімді жүзеге асыру және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын кең ауқымды жүргізу мақсатында арнайы іссапармен жүргенін атап өтіп, халықтың әлеуметтік жағдайларын көтеруге арналған бағдарламалар мен жобаларға кеңінен тоқталды.
Бұдан кейін Фархад Қуанғанов таяуда ғана демеушілердің қолдауымен баспаналы болған көпбалалы отбасы Қанабаевтардың шаңырағында болып, жағдайларын білді. Сонымен қатар, С.Ерғалиев атындағы орта мектепке атбасын тіреп, ондағы тегін ІТ сынып кабинетінің жұмыстарымен танысты, оқушылармен пікіралысты.