«ТАЗАЛЫҚ – ИМАННЫҢ ЖАРТЫСЫ». Аулаларыңды  таза ұстаңдар.

b_600_290_16777215_00_images_images_2019_15_15-2019-2.jpgТазалық десек, қоғам тазалығы, тіл тазалығы, ар-ождан тазалығы, қоршаған ортаның тазалығы, ауланың тазалығы, осылай тізбектеліп кете береді. Бұлардың әрқайсысы жеке-жеке сөз етерлік тақырыптар.


Пайғамбарымыз: «Лағынетке ұшырағандардан болудан сақтаныңдар» деген. Сонда сахабалар: «Ей, Аллаһтың Елшісі, олар кімдер?» – деп сұрағанда, Пайғамбарымыз: «Адамдар жүретін жолды және көлеңкелеп дем алатын жерлерді ластап кірлеткендер», – деген.
Айналадағы барлық нәрсе бiр мақсатпен тiзiлген. Күллi жаратылыс адамзатқа қызмет ету үшiн жаратыл­ған. Ол туралы қасиеттi Құранда: «Ол өз тарапынан көктер мен жер бетiндегi барлық нәрсенi сендерге бойсұндырып бердi. Ой жүгiртетiн ел үшiн, осының өзiнде дәлелдер бар», – деген («Жасия» сүресi, 13-аят). Ендеше бiз мұсылмандар бұл берiлген сансыз нығметтерге шүкiршiлiк етiп, табиғат­тың әсем ғажайып сұлулықтарын неге аялап қорғамасқа?!
Сосын, табиғат әлемi адам баласына аманат ретiнде берiлген. Аманатқа қиянат жасамау да – мұсылманның бiр сипаты. Олай екен, табиғатты мұсыл­ман баласы жанындай қорғаштай бiлуi тиiс.
Дiн ислам мұсылмандарды таза­лық­қа шақыратыны айдай анық. Құ­ран­­да және Пайғамбарымыз саллал­лаһу аләйһи уәсәлләмның көптеген хадистерiнде тазалықтың маңыздылы­ғына арнайы тоқталған.
«Тазалық – иманның жартысы» де­ген хадис шәрiпте тазалық иманды­лығының айғағы екенiн көрсетiп тұр. Пайғамбарымыз саллаллаһу аләйһи уәсәлләм адамдар жүретiн жолдың үс­тiне, тынығатын көлеңкелерде, әсiресе, жемiстi ағаштардың түбiнде дәрет сындыруға болмайтындығы жөнiнде сахабаларға: «Екi түрлi қарғыс арқа­лау­дан сақ болыңдар!» дегенде, олар: «Әй, Алланың елшiсi! Екi қарғысты арқалаушы дегенiңiз кiм?» – деп сұрайды. Ол: «Адамдар жүретiн жолға немесе тынығатын көлеңкеге дәрет сындырушы» деген екен (Мүслим риуаяты).
Демек, бiз мұсылмандарға түскен мiндет – айналамыздағы қоршаған ор­та­ны таза ұстау. Ағаш отырғызып, табиғатты аялау. Негiзiнде мұсылман бүлдiрушi емес, бүтiндеушi, қирату­шы емес, дұрыстаушы, зиян келтiрушi емес, пайда әкелушi. Өкiнiшке қарай, мұсылманшылықты бiлмегеннiң кесi­рi­­нен керiсiнше болып жатады. Мәсе­лен, көктем кездерiнде табиғат аясына сейiлдеуге шыққанда, қоқыс­тарды шашып, ағаштарды сындырып, теме­кi­нiң қалдықтарын қалдырып, тiптi, оны өшiрместен тастап кеткеннiң кесiрiнен орман алқаптары өртенiп, осылайша табиғатқа керi әсерiн тигiзiп жата­тындар да кездеседi.
Бiзге қызмет ету үшiн берiлген табиғатқа қиянат жасау сорақылық емей немене? Өйткенi, әр нәрсенiң залалы өз басымызға келмесiне кiм ке­пiл? Сондай-ақ, қияметте бұл iсiмiзден сұралатын боламыз әрi жазасы өте ауыр болмақ. Алла тағала қасиеттi Құранда осы берiлген шексiз нығмет­тердiң о дүниеде сұрауы бар екенiн ескертедi. Онда:
«Ырыс-дәулеттерiңнен (берiлген нығметтерден) әлбетте сұраққа тарты­ла­сыңдар» деген («Тәкәсүр» сүресi, 8-аят). Ал даналарымыздың «судың да сұрауы бар» деуi осыған саяды.
Келесi бiр тұрғыдан қарағанда, жа­рат­қанның разылығы үшiн жаратқан­дарына сүйiспеншiлiкпен қарау да – құлдық мiндетiмiз. Бұл дүние нығмет­терiнде өзге де жаратылыстардың хақысы бар. Олардың хақысына қол сұғу қияметте ауыр есеп берудi керек етедi. Өкiнерлiк жағдай – адам баласы­ның пайдасы үшiн жаратылған бар­лық нәрсе адамдар тарапынан қыр­ғын­дыққа ұшырап жойылып жата­тын­дығында. Кеше ғана тұрған нәрсе бүгiн жоқ. Қазiргi таңда адамдар таби­ғатқа «байлық деп немесе табыс көзi» ретiнде қарауының нәтижесiнен осын­дай өкiнiштi жағдайлар туындап отыр.
Демек, бауырлар! Ислам дiнi тек мiнәжат етуден тұрмайды. Негiзiнде айналамыздағы табиғатқа мейiрiмдi­лiк­пен қарайтын болсақ, бұның өзi – Алла тағаланың құзырында құлшы­лық һәм үлкен сауап.
Алла тағала адамдардан өзiне тап­сырылған аманатты, яғни жердi абат­тандыруын сұрайды және оны әрқан­дай бүлiнушiлiктен қорғауға шақы­рады.
Исламдық хадистер мен рауаяттарда қоршаған ортаны бүлдiрмеу ғана емес, оны қорғау да жиi қуатталған. Атап айтқанда, ағаш отырғызу мен құдық қазу дiни тағылымдарда қуатталып, мұсылмандар осы iстерге жұмылды­рыл­ған. Пайғамбарымыз саллаллаһу аләйһи уәсәлләм осы мәселенiң маңызы туралы былай дейдi:
«Кiмде-кiмнiң қолында бiр ағаштың көшетi (тал шыбығы) болса, қиямет қайым басталып кеткенше қолындағы көшеттi егуге үлгiретiн шама болса, соны дереу отырғызып үлгерсiн» – дейдi (Бухари риуаяты). Бұл жерден ағаш егудiң өте маңызды екенiне көз жеткiземiз. «Ардақты пайғамбарымыз үш нәрсе көздiң нұрлануына себеп болады деп: «Жасыл желекке қарауды, ағып жатқан суға және жарқын жүздi адамның бетiне қарауды» айтқан.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өз қолымен құрма ағашын егiп, мұсылмандарды солай iстеуге шақырып: «Қандайда бiр мұсылман ағаш егiп немесе егiн ексе, ол егiстiктен адамдар, құрт-құмырсқа­лар мен құстар жеп азықта­натын болса-дағы, мiндеттi түрде өзiне сауап ретiнде керi қайта­ды», – деген. Байқа­ғаны­мыздай, Құран мен сүннетте жасыл желектi ағаштарға да баса назар аудар­ған. Ағаштың және ормандар­дың тек қана адамдар үшiн емес, сонымен бiрге жан-жануарлар үшiн де пайдасы орасан зор. Өйткенi, жан-жануарлар­дың ба­сым көпшiлiгi­нiң паналайтын жерi – ағаштар мен ор­манды алқаптар.
Имам Ахмад Әбу Дардаъдан риуаят еткен хадисте: «Әбу Дардаъ бiрде Да­маск қаласында көшет отырғызып жат­са, оны бiр кiсi көрiп: «Пайғам­бардың сахабасы бола тұра бұл iстi iстегенiң қалай?» дейдi. (Яғни ол кезде сахаба­лардың көбi дүниеден өтiп, азшылығы ғана қалған, елдiң арасында сахаба­лардың абыройы патшалардай зор. Сондықтан сахаба деген абы­ройың бар, көшет егiп абыройыңды түсiрiп не қыласың? Абыройыңа нұқ­сан келедi ғой дейдi әлгi кiсi.) Оған Әбу Дардаъ: «Асықпа, сабыр ет: мен Пай­ғамбары­мыздың: «кiм бiр тал ексе, одан бiреу келiп жесе немесе саясында дем алса, сол себептi ол адамға садақа болып жетiп тұрады», дегенiн естiгем», дейдi.
Сондай-ақ, Пайғамбарымыз саллал­лаһу аләйһи уәсәлләм мұны тек ай­тып қана қоймай, iс жүзiнде де дәлел­дей бiлген. Оған тарихтан дәлел ретiн­де айтар болсақ, Алла елшiсi саллал­лаһу аләйһи уәсәлләм Меккеден Мәди­наға көшiп келген кезiнде Мәди­наның батпағын кептiру үшiн айнал­дыра ағаш еккiзгенi мәлiм. «Жақсының жақсы­лы­ғын айт, нұры тассын», - дейдi халқымыз. Елбасымыз да Алматыдан Астанаға көшiп келген жылдары Аста­наны айна­лдыра ағаш отырғыздырмап па едi? Бұл амалын сүннеттi, пайғамбар iсiн жан­дан­дырыпты десек, артық емес шығар.
Мiне, осы секiлдi ағаш батпақты ғана кетiрiп қоймай, ауаны да тазарта­ды, оның саясында демалған адам кең тыныс алып, жаны жай табады. Күнде­лiктi қолданып жүрген материалда­ры­мыз­дың көбi осы ағаштан жасалады.
Табиғатты қорғау дегенiмiз – қа­зақтың ұғымындағы өзiнiң ұлттық дәстүрi бойынша «атаңнан мал қалған­ша, тал қалсын» деген нақылға сүйене отырып аялау, табиғатты қорғауға және оны тиiмдi пайдалануға үйрету, мейiрiм көзбен қарау. Қорыта айтқан­да, Алла тағаланың разылығы кейде үлкен нәрседе, кейде орташа нәрседе, ал, кейде кiшкене нәрседе жасырынып тұрады. Ашуы да дәл солай. Олай бол­са, Алланың барша жаратқанда­рына мейiрiм-шапағатпен және сүйiс­пен­шiлiкпен қарап, оларға қамқор болуға тиiспiз. Ислам дiнi барша тiр­шiлiк иелерiне, яғни адамдарға, жан-жануар­ларға, тiптi, өсiмдiктердiң өзiне рақым­дылық танытуға, сүйiс­пен­шi­лiк­пен мәмiле жасауға бұйырады.
Пайғамбарымыз саллаллаһу аләйһи уәсәлләмның «Адамдардың ең жақсы­сы – басқаларға пайдасы тигенi» дегенiн де жадымыздан шығармағанымыз дұрыс. Тағы бiр хадисте: «Бiр адам бiр ағаш отыр­ғызса, дәптерiне отырғызған аға­шы­­ның жемiсiндей сауап жазыла­ды» дейдi.
Тiптi, еккен ағашымыздан адамды қойып, жануар-жәндiктердiң өзi пайда­ла­нып жатса, оларға бiздiң берген садақамыз болатындығын Пайғамба­ры­мыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) айтқан. Онда: «Бiр мұсылман бiр ағаш отырғызса немесе бiр нәрсе ексе және одан бiр құс, бiр адам немесе жануар жесе, ол адам үшiн садақа болып есептеледi» деген (Бухари риуаяты). Пайғамба­рымыз (с.ғ.с.): «Адам қайтыс болғанда үш түрлi амалынан басқасының бәрi тоқтайды: ел игiлiгiне жарайтын жария садақа, елге пайдалы iлiм, дұға жасайтын iзгi ұрпақ» дейдi. Дәл осы хадистегi өлген­нен кейiн де сауабы тоқтамайтын жария садақа ол – тал егу, бауырлар. Одан қапы қалмаңыздар!
Ендеше, табиғатты аялап, оны таза ұстау – өз қолымызда. Алла тағала әрбiр жасаған амалдарымызды қабыл алып, еккен ағаштарымыздың жемiсiн екi дүниеде жеудi нәсiп етсiн. Әмин!


 
Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане