БАЛАБАҚШАЛАРҒА БЕЙНЕБАҚЫЛАУ ОРНАТЫЛДЫ

«Бала естігенін айтады, көргенін істейді» - деп қазақ халқы бекер айтпаған. Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің маңызы зор. Кішкентай сәбилеріміз ата - анасының, тәрбиешісінің, достарының мінезінен, жүріс - тұрысынан, сөйлеген сөзінен, істеген ісінен үлгі алуға тырысады.


Білім беру мекемесінің негізгі міндеті оның аумағында балалардың әл-ауқаты мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылатындықтан, заңмен бейнекамераларды орнатуға тыйым салынбайды. Сонымен қатар, балабақшада бейнебақылау орнату құқыққа қарсы әрекеттерді болдырмау және террористік қауіп-қатерлерді азайту үшін балабақша басшыларының міндетіне кіреді. Бейнекамералардың көмегімен кез келген уақытта аумақта не болып жатқаны туралы ақпарат алуға болады.
Барлықтарыңызға белгілі, қазіргі таңда балабақшалар бейнебақылаулармен қамтамасыз етілген. Аудан бойынша 4 балабақшаға бейнебақылау орнатылды. Айта кететін болсақ, Тобыл кентінің «Балдаурен» балабақшасына 4 бейнебақылау орнатылған. Жыл соңына дейін тағы 12 бейнебақылау орнатылуы жоспарланып отыр. «Айгөлек» Әйет селолық округінің бақшасында 24 бейнебақылау, Май селолық округінде 12 және де Калинин селолық округінде жоспарланған 12 бейнебақылау орнатылған. Бейнебақылауларға кеткен қаражат 2 млн.теңгеге жақын соманы құрап отыр. Бұл дегеніміз балаларымыздың қауіпсіздігі үшін барлық жағдай жасалынып отыр деген сөз.
Балалар тамақтанатын, ойнайтын және ұйықтайтын ішкі бөлмелерге келетін болсақ, онда балабақшадағы бейнебақылау туралы ереже камераларды орнатуға тыйым салмайды. Ата-аналар тарапынан қандай да бір баладан зорлық-зомбылық белгілерін, немесе балаларыңыздың белгілі бір заты жоғалғанын байқаған болсаңыз, онда балабақша басшысымен бірге бейнебақылауды қайта қарауыңзға мүмкіндік беріледі.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане