Абай мен Махамбет оқулары

b_600_290_16777215_00_images_images_2019_20_20-2019_12.jpgТаран ауданы әкімдігінің білім беру бөлімі және тілдерді дамыту орталығы 2019 жылы 13 мамыр күні С.Ерғалиев орта мектебі ғимаратында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мектеп оқушылары арасында «Абай және Махамбет оқулары» атты аудандық байқауын өткізді.


Байқаудың мақсаты - қазақ тілінің қолданылуын дамыту, мемлекеттік тіл саясатын насихаттау. Абай және Махамбет шығармашылығын насихаттау арқылы қоғамдық келісім мен Қазақстандық рухани бірлікті нығайту және отансүйгіштік сезімді тәрбиелеу, көпшіліктің қазақтың ұлттық мәдениеті мен өнеріне, әдебиеті мен тіліне деген ықыласын арттыру, жастар арасында кітап оқу мәдениетін дамыту болып табылады. Байқау жалпы 4 кезеңнен болды. Қазылар алқасының шешімімен байқау жеңімпаздары анықталды: «Көңілім әнді ұғады» номинациясы бойынша Сағындықова Ақзейнепханым 1- орын, «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясында Туребаева Улбала 1- орын, «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы бойынша Хусаинова Данна 1- орын, Эссе байқауы бойынша Гулушова Ольга 1- орын, «Махамбет оқулары» «Тартынбай сөйлер асылмын...» номинациясы бойынша Әсет Еркебұлан 1-орынды қанжығаларына байлады.
Қазылар алқасы қатысушылардың көркем мәтінді таңдау және оқу, әнді орындауы мен актерлік шеберліктеріне, қазақ тілінің орфоэпиялық нормаларын сақтап, таза сөйлеуіне және сахна мәдениетіне баса назар аударды.
Жүлдегерлерге дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане