«Бүгінгі жас маман келер ұрпақтың сәулеткері»

b_600_290_16777215_00_images_images_2019_21_21-2019-5.JPGӨмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық – ұстаздық мамандық.
Олай дейтініміз, мұғалім еңбегі, біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман.
Бүгінгі біздің жас маманымыз, өмірлік ұстанымы жоғары, біліктілігі шыңдалып келе жатқан, Б.Майлин атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сандыгулова Альмира Маратқызы. 2018 жылы Қостанай Педагогикалық колледжін қызыл дипломмен тәмамдаған Альмира, қазіргі таңда, жаста болса, «Ұстаз» деген ұлы есімді иемденіп отыр. «Халқымызда «Жас келсе — іске» деген керемет сөзі бар. Демек,мен бойымдағы жастық жігерімді, күш -қуатымды, жаңашылдығымды шәкірт тәрбиелеуге жұмсауым керек. Болашақта өз оқушыларымды биік белестерден көрсем, сол үшін өзімнің кішкене де болса үлесім тиген болса, мен өзімді бақытты ұстаз, бақытты адам деп білемін»,- деген сөздермен Альмира сұхбатымызды бастады.
«К. Ушинскийдің: «Мұғалім — өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатысымен, оның мұғалімдігі жойылады» деген ойымен келіспеу мүмкін емес. Мектеп — балалардың екінші үйі болса, ал ұстаздар екінші анасы екенін әрдайым санамда ұстаймын. Менің пікірімшe, мұғaлім бoлу үшін жан-жақты бoлу қажет. Ең бастысы-балаға деген мейірімділік. Мұғaлім–алдында отырған әрбір оқушының қандай көңіл-күйде екенін, oлардың әрқайсысының нені қалай қабылдайтынын, міне, осылардың бәрінің тілін таба білуі қажет. Ұстaз-әрдaйым aқылшы дoс, сырлaсушы. Ақ парақ бетіне сызу сызғандай баланың кіршіксіз санасына адамгершілік, мейірімділік нұрын сеуіп, білім, өнер нәрімен сусындату менің ұстаздық парызым деп білемін», - дейді Альмира Маратқызы.
Бүгінгі кейіпкеріміз шәкірттердің бойына білім нәрін толтырып, елін сүйер азамат тәрбиелеу жолында аянбай еңбек етуге даяр екенін айқындап кетті.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане