- Подробности
-
Категория: Последний номер
-
Создано 23.05.2019 06:51
-
Автор: Балзина Атимтаева
-
Просмотров: 916
19-20 мамыр аралығы Арқалық қаласында, сатирик-жазушы,этнограф-ғалым Сейіт Кенжеахметовтың 80 жылдығына арналған «Мірдің оғы» аймақтық әзіл-сықақ театрлары фестивалі өтті.
Бұл фестивальге аудан атынан, Е.Өмірзақов атындағы мәдениет үйінің Әйет ауылы халық театрының әртісі Нокишев Мархабат Берікұлы мен қоюшы режиссёр Ерғалиев Аманжол Талғатұлы барып, бақтарын сынап қайтқан болатын. Жалпы, фестивальге 9 халық театрлары қатысып, қадірлі қонақ ретінде Республикалық деңгейде өнер көрсетіп жүрген «Екі езу» театры қатысып, Сейіт Кенжеахметовтың бір қойылымын көрсетті.
Фестивальге облысымыздың барлық әзіл-сықақ театрлары қатысуына мүмкіндік берілді. Және қатысушы үміткерлер 1 интермедия көрсетулері керек. Көрсетілетін сахналық қойылым Сейіт Кенжеахметов шығармасынан болуы негізгі шарт болып табылды. Әділқазы алқасы сахналық мәдениет, көркемдік деңгейі, әртістердің орындаушылық шеберліктері, эстетикалық және этикалық ұғымдылығына баса назар аударды. Әділқазы алқасының төрағасы Қазақстан Республикасының халық әртісі, сатирик Көпен Әмірбеков болды.
Барлық қатысушы үміткерлерді алғыс хаттармен мадақтап, естелік сыйлықтар ұсынды.