«Жас Ұлан» көшбасшыларының слеті

b_600_290_16777215_00_images_images_2019_21_21-2019-1.jpgТаран ауданының әкімдігінің білім беру бөлімі мен «Үміт-2050» қоғамдық ұйымының бірлесіп ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жас Ұлан» көшбасшыларының көшпелі слеті өтті.
«Болашақты бірге жасаймыз: қоғамдық өмірге қатысушы балалардың мүмкіндіктері мен құқығы бірдей». Бұл слетқа қатысушы балалар қоғамдық бірлестігінің ұраны.
Слеттің мақсаты - аудан өміріне балалардың қатысуын, төзімділік пен патриотизмге тәрбиелеу жолында аудандық балалар қоғамдық бірлестіктерінің белсенділігін, балалардың әлеуметтік бастамаларын қолдауды арттыру болып табылады.
Слетке аудан бойынша 21 мектептен 80-ге жуық жасұландықтар қатысты. Слёттің басы қатысушылардың келуі, тіркелу, командаға бөлу, таңғы астан басталды. Әрі қарай эстафеталық,спорттық ойындармен қоса «Рок»стиліндегі карнавалымен жалғасын тапты. Жасұландықтар үшін би алаңы да ұйымдастырылған. Сонымен бірге, жеке номинациялар бойынша үздіктерді марапаттады.
Осылайша аудандық балалар қоғамдық бірлестіктері көшбасшыларының слеті біржылғы өз жұмыстарын қорытындылап, жаңа жылда жаңа жетістіктерді бағындыруға бет алды.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане