ЖИТС – ХХІ ғасыр дерті

b_600_290_16777215_00_images_images_2019_22_22-2019_11.JPG23 мамыр күні аудан әкімдігінің залында ЖИТС-ға қарсы отырыс өтті. Және де Әйет ауылының мектептерінде, атап өтсек, Б.Майлин атындағы орта мектеп пен С.Ерғалиев атындағы орта мектеп қабырғаларында оқушыларға арналған отырыс болды.
Ұйымдастырылған іс - шаралардың мақсаты-АИВ-инфекциясы туралы хабардар болу деңгейін арттыру, денсаулықты сақтау мәселелеріне назар аудару және салауатты өмір салтын насихаттау. ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары оқушыларға АИВ – инфекциясының алдын алу және берілу жолдары бойынша семинар-тренингтер ұйымдастырды. Оның ішінде АИВ жұқтырған тұлғалардың стигмасы мен кемсіту мәселелері қаралды.
Ағымдағы жылдағы Таран ауданы бойынша АИТВ-жұқпасының эпидемиологиялық жағдайы туралы» Ақмарал Исаханқызы Жаманова -»Қостанай облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» КМҚК бас дәрігерінің ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы баяндады.
Оқушыларға ЖИТС толық түсінікті болу үшін, бейнебаяндар көрсетілді. Семинар соңында барлық қатысушыларға ақпараттық-білім беру материалдары таратылды.
« Жалпы, біздің орталығымыздың мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттауға шақыру, аждаһа дертті ауыздықтау, аурудың алдын-алу мен жұқтырып алмау тәсілдерін түсіндіру»,- дейді Ақмарал Исаханқызы Жаманова.
«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» демекші, адамға денсаулық бір- ақ рет беріледі, ал, сіздің денсаулығыңыз –өзіңіздің қолыңызда. Әр адамның мәнді де сәнді өмір сүруі үшін денсаулықтың әсері ұшан-теңіз екен. Сондықтан да өмірдегі ең жарқын жастық шақтарымызда дендеріміздің саулығына бүгіннен бастап қамқор болайық. Жастық шақтарымыздың тамырына анаша, арақ, темекі балта болып шабылмасын!


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане