Бала тілі-бал

b_600_290_16777215_00_images_images_2019_23_23-2019_11.JPG30 мамыр күні Таран ауданы әкімдігінің «Айгөлек» балабақшасы қабырғасында аудан әкімдігінің тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен, 1- мауысым балаларды қорғау мейрамы қарсаңында «Бала тілі - бал» бүлдіршіндер сайысы өткізілді.


Сайысты «Айгөлек» балабақшасының» дарынды бүлдіршіндері мерекелік бағдарламамен ашып берді. Би де билеп, ән де айтқан балғындарымыз ата-аналармен, қонақ болып келген өздерінің достарына әдемі көңіл-күй сыйлай білді. Тілдер орталығының мамандары өз өнерлерін көрсеткен балғындарға алғыс ретінде тәтті сыйлықтар таратты.
Сайысты бастау үшін қатысушы бүлдіршіндеріміз жербе таңдау арқылы реттік нөмірлерімен сайысқа дайындалды. Балаларға әділ баға берген білім беру бөлімінің әдіскерлік кабинетінің меңгерушісінің міндетін атқарушы Ырсалды Тұрсынбекқызы Жармухамбетова, Таран ауданы әкімдігінің тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Айниса Жақсылыққызы Асанова және Тілдерді оқыту орталығының басшысы Айдана Асылханқызы Есенғазы төрелік етті. Жалпы, балдырғандар үшін сайыс 4 кезеңнен- «Таныстыру» өзін-өзі таныстыру, берілген тақырып бойынша сурет салу, «Танымдық әлем» , үш тілде,өз өнері (ән орындау, билеу т.б.) өтті.
Қорытынды бойынша 1-орынмен Таран аудан әкімдігінің «Айгөлек» балабақшасының бүлдіршіні Арсений Комаров жеңіске жетті. Арсенийдің жетекшісі «Айгөлек» балабақшасының қазақ тілі пәні мұғалімі Ардақ Жансинованың сіңірген еңбегі зор десек, артық айтқанымыз емес. Өйткені баланың үш тілді жетік меңгергені, ойының ұшқырлығы осыған дәлел.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане