Аралық бақылаулар аяқталды

b_600_290_16777215_00_images_images_2019_24_24---2019-8.jpg«Тәуелсіздік – алтын күмбез дейтін болсақ, сол күмбезді тіреп тұрған төрт белгіміз бар, оның біріншісі – Елтаңба, екіншісі – Әнұран, үшіншісі – көк байрақ, төртіншісі – ҚАЗАҚ ТІЛІ» деген сөз мемлекеттік тіліміздің ерекше мәртебесін көрсетсе керек. Тіл саясаты – мемлекеттің саясаты, ол егеменді еліміздің берік арқауы. Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, қолдану аясын кеңейту, оқыту курстарының жұмысын жандандыру мақсатында бүгінгі күнге дейін көрнекті ғалымдар мен тәжірибелі әдіскерлер тарапынан қазақ тілін оқытуға арналған оқу – әдістемелік кешендер мен оқу құралдары үздіксіз жарық көруде.
Мемлекеттік қызметшілер мен ересектрге арналған тіл үйрету курстары А1 – Қарапайым деңгей, А2 – Базалық деңгей, В1 – Орта деңгей, В2 – Ортадан жоғары деңгейлері бойынша жүргізіледі. Курстың негізгі мақсаты:Тіл үйренушіні қазақ тілін оқытудың үш деңгейлік жүйесінің ішкі сатыларымен төменнен жоғары қарай көтере отырып , әлеуметтік коммуникативтік міндеттерді әртүрлі тұрмыстық, мәдени, кәсіби және ғылыми қызмет қатысымындағы коммуникативтік құзыреттіліктің қажетті деңгейін меңгеру. Өз бетінше білім алу қабілетін дамыту; когнитивтік, зерттеу біліктілігін қалыптастыру; ақпараттық мәдениетін дамыту; ой-өрісін кеңейту және тіл үйренушінің жалпы мәдениетін көтеру.Болған оқиға мен іс туралы хабарлай білуге, сұрақ қоюға; заттың бар - жоғын, неден, қалай жасалғаны, сапасы жайлы, оқиға болған жері мен себебін сипаттауға; тілек айтуға, ұсыныс, шақыру, келіспеушілік білдіру, қарсылық білдіру формаларын қолдана алуға үйрету; затқа, іске, оқиғаға, тұлғаға өз көзқарасын білдіре алуға, байланысты грамматикалық конструкцияларды құра алу, құра алу дағдыларын қалыптастыру. Курс соңында тіл үйренуші қатысым барысында тұрмыспен, мәдени-әлеуметтік саламен байланысты шағын сөйлем, диалогтар құрастырып, ауызекі сөйлеу тілінде сұхбаттаса алуы қажет.
Қазіргі таңда оралықтағы тыңдаушылар саны 276 құрап отыр. Соның ішінде 207 тыңдаушы мемлекеттік тілде, 69 ағылшын тілінде білім алуда. Бұл көрсеткіш Май, Асенкритов, Тобыл ауылдық округтерін қоса есептегенде. Маусым айының 3 – 10 аралығында тіл үйренушілердің білім сапасын бағалауға бағытталған аралық бақылаулар өтті. Бақылаудың форматы әртүрлі. Оқытушылар әдіскермен бірлесе отырып, тест тапсырмаларын, жазбаша, ауызша тапсырмаларын әзірлеп шығарды. Барлық тыңдаушылар аралық бақылауды жақсы тапсырып, демалысқа шықты. Енді курсты қыркүйек айынан бастап жалғастырады. Ендеше, тіл үйренушілердің басты байлығымыз мемлекеттік тіл – қазақ тілін оқуға деген ынтасын оятып, қазақ тілінде сөйлеушілер қатарын арттыруға, өңірдің тілдік ахуалын жақсартуға үлесін қосу жолында біздің орталық өз жұмысын жалғастыра бермек.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане