«Жайдарлы жаз келді!»

b_600_290_16777215_00_images_images_2019_24_24---2019-2.jpgЖаз айлары - мектеп оқушылары үшін өте ерекшелікпен күтілетін уақыт. Жаз мезгіліндегі бұл уақыт - балалардың негізгі сабақтан босап, өздерінің қызығушылығымен айналысуына мүмкіндік беретін кез.
Сондықтан ұстаз - тәрбиешілерге оқушының бос уақытын дұрыс пайдалануға бағыттаудың, үйретудің мәні зор болып табылады. Бос уақыт дене және ақыл - ой қызметін тынықтыратын іс - әрекетке жұмсалуы жөн. Әйтсе де, тыныға жүріп, ойын барысында балалардың шынығу – шыңдалу мәселесімен қатар, түрлі бағыттағы іс - шараларға тарту арқылы тәрбиелеу маңызды. Осыған орай, балалардың жазғы демалысын ұтымды пайдалану мақсатында, олармен түрлі іс - шаралар өткізу үшін, мектебімізде арнайы «Сәлем, шуақты жаз!», деген атпен «Айгөлек» лагері ашылды. Біздің лагеріміз 3 ауысым бойынша жұмыс жүргізеді. 1 ауысым 03.06-14.06 бойынша 30 бала демалыс өткізуде.
Лагерде балалар жан – жақты дамып қана қоймай, түрлі іс – шараларда өздерін жақсы көрсетуде. Сондай-ақ, лагерден тыс мектеп ауласына көгалдандыру жұмыстар, аула клубтары, түрлі үйірмелер жұмыс жасап жатыр. Балаларды арнайы ыстық тамақпен тегін қамтамасыз етіп жатыр. Сонымен қатар, осы денсаулық жақсарту алаңында тамақтануға себепші болған Шкуратов О.Ю., Жармағамбетов М.Ж., Искиндиров К. Б., ТОО «Адлет» Өтеулен А.Б., сынды демеушілерімізге мектеп әкімшілігі атынан алғысымызды білдіреміз.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане