Балабақша алаңдары қандай жағдайда?

b_600_290_16777215_00_images_images_2019_24_24---2019-4.jpgҚазақ халқы қай уақытта болмасын, ұрпақ тәрбиесін ұлттың тағдыры, ұлттың болашағы деп білген. Сондықтан тәрбие мәселесіне көңіл бөліп, болашақ ұрпақты саналы тәрбиелеу үшін тиімді әдіс-тәсілдерді қолданып, қарастыру әрбір ұжымның тапқырлығы мен іскерлігін талап етеді.
Біз бүгінгі санымызда балабақшадағы алаңдар қандай жағдайда тұр, балаларымыз тиісті міндеттерге сай алаңда ойнап жүр ме деген сауалдарға жауап іздейтін боламыз. Балалардың бақыт мекені-балабақша деп жүрген ата-аналар үшін бұл да бір жақсы акпарат деп білеміз. Әйет аулының «Айгөлек» балақбашасының алаңдары туралы бізге балабақша меңгерушісінің міндетін атқарушы Анна Викторовна Брем айтып берді.
Қазіргі таңда барлық алаңдар стандартқа сай жасалынған. Жасы мен баланың деңгейіне қарап ойын алаңдарына алып барамыз. Әрине, барлық ойын алаңдары көңіл қуантады деп айта алмаймын, әліге дейін жаңартулар енгізу керек. Өйткені, балалар жаңадан алаңдар көргілері келеді. Ата-аналар тарапынан көп қолдаулар алып жатырмыз. Балалары үшін,әрине, олар бәріне дайын. Қолымыздан келгенше алаңдарды таза ұстауға тырысамыз. Қазіргі уақытта балаларға қауіп төнетіндей ешқандай ескі алаңдар жоқ.
«Көрген көзде айып жоқ...» демекші, біздің бір байқағанымыз балаларға арналған үйшіктің шатыры қолайсыз жағдайда тұр. Себеп неде, неге қауіпсіздік сақталынбаған? Жел соққан жағдайда, балалардың денсаулығына зиян келмейтініне кім кепіл болмақ?! Бұл сұрақтардың жауабын Анна Викторовна былай түсіндірді:
Бізде шатырды жаңарту үшін мүмкіндік болмай тұр. Өйткені, бізге қаражат бөлінбейді. Егер қол ұшын береміз деген демеушілер болса, жақсы болар еді. Өйткені, расыменде, шатырларды жаңарту керек. Үйшіктің екі жағын керекті заттармен бекітіп, желден сақтансақ, балалардың да денсаулығына еш зиян келмейтіні сөзсіз.
Деседе, балалардың қауіпсіздігі бірінші орында болуы керек. Шатырды жаңартуға, тиісті қоршаулар жасау үшін қол ұшын береміз деген демеушілер табыла кетсе жарар еді. Егер табылмаса, не болмақ...? Жауап жоқ...


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане