Жастар ресурстық орталығы жаңа ғимаратта

b_600_290_16777215_00_images_images_2019_29_29-2019_1.jpgЕлімізде Жастар жылының жариялануы жас буын үшін жарқын бастамаға айналды. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының Үкімет пен өңір әкімдеріне тапсырмасынан кейін жастар тақырыбына кеңінен басымдық берілді.


Көптеген жобалар қолға алынды. Бір қуантарлығы, әр өңірде жастар ресурстық орталықтарының жұмысы кеңейді. Ал, Әйет ауылында «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жаңа ғимаратта өз жұмысын бастайтын болады. «Жастар жылы» аясында жүзеге асқан жоба жастарға мол мүмкіндік бермек. «Жастар ресурстық орталығы» ендігі жұмысын Бейімбет Майлин ауданының Е.Өмірзақов атындағы мәдениет үйінің бірінші қабатында жалғастыратын болады.
– Белсенді жастар барлық салада бар және олар өз саласының негізгі күші, ертеңгі тұт­қа­ұстарлар. Бір қуанарлығы – олар белсен­ді, ой-сана ауқымы кең және білімді. Олардың бойындағы буырқанған күш тек бір бағытқа – күнделікті жұмысты атқаруға ғана емес, елді, Отанды дамытуға үлес қосуға, жаңаша ойлап, заманауи бастама­лар көтеруге де негізделуі тиіс. Әрине, аға ұрпақтың ізгі ісі – жастарға оң жағдай жасау. Ауданымыздағы, ауылдардағы барлық еріктілерді, белсенді жастарды әрқашан да қуана қарсы аламыз,- деді орталық басшысы Гүлбарам Тюлюбаева.
Қазақстанның жастары – елдің басты байлығы. Еліміздің болашағы да жастар, сондықтан оларға үлкен үміт артылып отыр. Тәуелсіздік жыл­­дарында көп жетістікке қол жет­кіз­дік. Мемлекетіміздің нығая түсуіне бұ­рын­­ғыдан да мол үлес қосу үшін, жастар енді бұрынғыдан да белсенді болуы керек. Солай болады деп сенеміз.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане