- Подробности
-
Категория: Последний номер
-
Создано 18.07.2019 06:16
-
Автор: Өз тілшімізден
-
Просмотров: 870
Суға шомылу, күннің көзіне қыздырыну адамды сергек етеді және жұмысқа қабілетіңді арттырады. Алайда, суға шомылу кезінде қарапайым ережелерді сақтамасақ, бақытсыз жағдайларға тап болуымыз мүмкін.
Суға түсу кезінде, көбінесе, балалар, ішімдік ішкен адамдар ғана емес, денсаулығы мықты, жүзу білетін адамдар да қайғылы жағдайға тап болады. Ал, мұндай жағдайда дер кезінде, тез және дұрыс шешім қабылдай білу керек. Бейімбет Майлин аудандық төтенше жағдайлар бөлімі бастығының міндетін атқарушы, азаматтық қорғау капитаны Қайрат Мұратбекұлы Кульмухамедовтың айтуынша, мұндай қайғылы жағдайларға адамдардың көбінесе, суға түсуге болмайтын жерге түсуі, қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамауы, балаларды суға түсу кезінде қараусыз қалдыруы, суға мас күйінде түсуі кезінде ұшырап жатады.
Суға шомылу кезінде қарапайым ережелерді сақтай біліңіз: суға шомылатын арнайы орынды дұрыс таңдай біліңіз,және суға түсуге болмайтын белгіден аспаңыз, тыйым салынған жерлерге шомылмаңыз және суда жүрген моторлы кемелерге жақын жүзбеңіз. Бұл сіздің өміріңізге өте қауіпті. Ата-аналар балаларға қамқорлық жасап, суға шомылу кезінде балаларды қараусыз қалдырмауы керек!