Электронды архив – жемісті қадам

Архивтегі құжаттарды цифрлық жүйеде сақтау көп мәселелерді шешеді. Соның бірі ұзақ сақтау мәселесі. Және ғалымдар мен зерттеушілер үшін жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Яғни, қолжетімділігі жоғары болады.


Цифрлы жүйеге көшу жаһандық бәсекеге қабілеттілігімізді және ақпаратқа қол жеткізудің тиімділігін арттырады. Яғни, цифрлы технологиялар қағазды құжатқа цифрлы көшірме жасау арқылы түпнұсқалығын сақтау мүмкіндігін береді. Бұл бір жағынан, сақтаудың міндеттерін шешіп берсе, ал, екінші жағынан, архивтік мұраның жаппай цифрлау деректерімен жұмыс жасайтын зерттеушілер санының ұлғаюына мүмкіндік жасайды. Ақпараттық технологиялардың арқасында құжат ашық әрі қолжетімді күйге енеді.Электронды архивтің негізгі міндеті–еліміздің ұлттық архив қорындағы құжаттарды жинақтау, тізімге алу, сақтау және пайдалану сынды архив қызметінің негізгі бағыттарын ақпараттандыру. Яғни, ақпараттық ресурстарды қалыптастыру, пайдалану негізінде мәлімет алу қажет­тілігін қанағаттандыру үшін оңтайлы жағдай жасау.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане