Ауыл азаматымен ажарлы

b_600_290_16777215_00_images_images_2019_29_29-2019_11.jpgМың рет естігеннен, бір рет көрген артық. Ауыл тынысымен таныса жүріп, «бір тал гүл ексем де, туған топырағыма егейін» деп ойлайтын жандар аз еместігіне көзіміз жетті. Солардың бірі- Приозёрное ауылының ардақты азаматтарының бірі, еңбекқор Марат Нұрмұхамбетов.


Айта кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын Приозёрное ауылдық округінде зират аумағанда шағын, ішіне керек жабдықтармен жабдықталған үй салынған еді. Сол үйдің қалаушысы, себепкері ауылдың азаматы Марат Нұрмұхамбетов. Ауыл тұрғындары үшін ыңғайлы етіп салынған үй, қазіргі уақытта сапалы түрде зират аумағына тапсырылынып үлгерген.
- Менің ойымша, егер сенің қолыңда ауылыңа кішкентай болсын пайдаң тиерлік мүмкіндігің болса, аянып қалмау қажет. Туған өлкеміздің сәні, дамуы біздің мойынымыздағы міндет емес пе?! Ауылда қызу жұмыстар жасалмай, бір орында тұрғаны азаматтардың абыройына сын екенін жақсы түсінемін. Сондықтан да осы үйдің ауылыма қажеттілігі жайлы жақсылап ойландым. Жазда ауыл тұрғындарымен бірге күтіп,тазалап отырсақ, тұрғындар зират басына келгенде тоңып қалмасын деген ниетпен осы істі бастадым. Бұл тек менің ғана еңбегім емес, бүкіл халық,ауыл болып күш-жігерімізді салдық. Бауырларым болсын, көршілеріміз болсын, ауылдың зиялылары өз көмектерін беріп отырды. Жалпы, құрылыс 2 апта ішінде бітті. Аман-есен бітіргеннен соң, молда шақырып,зират басында ас беріп, бауырларымызбен құран бағыштаттық - дейді Марат. Жалпы есептегенде, қаржылай 1 миллионнан астам қаражат кеткен. «Елде болса, ерінге тиеді» демейді ме халық мәтелі, ел-жұртының қамын ойлаған осындай азаматтар көп болса, қай ауылдың да көші түзеліп, көңіл бүтінделеді, адамы бір-біріне бауыр болады, еңбектің игілігін ел болып көреді.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане