Аурудың алдын алу

b_600_290_16777215_00_images_images_2019_31_31-2019_2.jpg2019 жылғы 24 шілдеде Қостанай салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының облыстық орталығы «Денсаулық жолы» ұлттық бағдарламасын іске асыру шеңберінде ауыл тұрғындарын аурулардың алдын алу бойынша ақпараттандыруды арттыру мақсатында аудандық орталық ауруханасына келді.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының облыстық орталығы дәрігері халық арасында аудан тұрғындарына профилактикалық кеңестер берді. Орталық мамандары кітапхана базасында білім беру бөлімі, денешынықтыру және спорт бөлімі, жастар саясаты бөлімі, ішкі істер бөлімі өкілдерінің, оқу мекемелерінің,медицина қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырды. Және жасөспірімдер арасындағы репродуктивті денсаулыққа, атап айтқанда, жасөспірімдер жүктілігіне, мінез-құлықтық қауіп факторларына, күйзеліске төзімділікке, жұқпалы емес және жұқпалы ауруларға қатысты мәселелер талқыланды. Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің қызметкерлерімен репродуктивті денсаулықты қорғау, ерлер мен мінез-құлықтық қауіп факторлары бойынша конференция өткізілді. Тұрғындардың тарапынан денсаулықтың алдын алу туралы сұрақтар көп болды. Қандағы қант, холестерин деңгейін анықтау арқылы артериялық гипертонияны өлшеумен акция өткізілді. Олардың ішінде қан қысымы жоғары төрт адам, холестерині жоғары төрт адам толық тексеруге жіберілді. Одан кейін аурудың алдын алу бойынша ведомствоаралық жоспарға қол қою ұсынылды.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане