Алға қадам жасай берші, теміржолшы мамандар

b_600_290_16777215_00_images_images_2019_32_32-2019_14.jpgТамыз айының бірінші жексенбісі темiржол мен көлiк және байланыс қызметкерлерiнiң күнi ретiнде белгiленген. Бұл саланың қызметi мемлекетiмiздiң өркендеп-өсiп дамуына, экономикамыздың нығаюына, өркениеттi ел қатарына қосылуына, Еуропа мен Азиядағы iрi мемлекеттер сапынан табылуына қомақты үлес қосуда. Темiржолшылардың экономикаға қосып отырған үлестерi ерекше. Темiржолға қарайтын әрбiр саланың, жол төсеушiден бастап, анықтаушы, ұйымдастырушы, жүк тасымалдаушы, вагон жөндеушi, басқарушы, атқарушы қызметкерлердiң еңбегi мол.
Теміржолда жұмыс жасап жүрген кісілердің ерен еңбегі, күннің ыстығы мен суығында еңбек етіп, халық шаруашылығын дамытуға, жолаушыларды тасымалдауға қосқан үлестері аз емес.
Темiржол десек, көз алдымызға екi иығынан демалып, жүздеген жүк тиелген вагондар мен цистерналарды сүйреген еңбеккер құмырсқалар тәрiздi локомотивтер, жолаушылары жайлы вагондарын уақытша ұя еткен сырбаз тепловоздар және солардың үздiксiз қызметi үшiн қыста аязды, жазғы аптап та рельс бойында жүретiн адамдар – темiржолшылар келедi. Жалпы, бiр сөзбен айтқанда, темiржолдың дүрсiлi – ел экономикасының жүрек қағысын бiлдiредi.
Мереке карсаңында ел дамуына елеулі үлестерін қосып жүрген теміржол қызметкерлерін төл мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз!
Теміржолшы мамандар, болашаққа қараңдар,
Елдің жүгін көтеретін алда сан мың қадам бар.
Жылдан астам сан арман жетелейтін қадам бар,
Алға қадам жасай берші, теміржолшы мамандар.
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ филиалының «ЖТ Қостанай бөлімшесі» Қостанай пайдалану локомотив депосының ТД –9 Тобыл айналым пайдалану локомотив депосында спорт ең бірінші орынға қойылған.
Командада 25 және 27 жастағы жас жігіттер ойнайды. Олар, Сморкалов И. (капитан), Абильтаев Н., Набиев А., Бурлуцкий Д,. Свистунов Д., Майер Д., Ахметов Б., Гайнуллин Д. Бәрі де. Спорт өте жақсы дамыған. Тобыл торабы бойынша футболдан жарыс өткізіліп, 1-орын алды. Енді 2-тамызда Қостанайда 2 тур өтеді. Арқалық, Есіл, Құсмұрын, Тобол, Рудный және Қостанай 6 команда қатысады. Егер Қостанайда жеңіске жетсе, командалар келесі кезеңге жолдама алады. Онда ҚТЖ –ның 17 бөлімшесінде солтүстік желілердің 6 бөлімшесі өзара ойнайды.
Байнакатов Салават Жабаевич - осы мекеменің басшысы, ол өз құрамын мақтан тұтады және адамдарды жұмыс қиындықтарына қарамастан кез-келген уақытта, босатуға ықпал етеді. Өйткені, олар кәсіпорынның абыройын қорғауға да бар күш жігерін салады. Жігіттер арнайы дайындалмайды, бірақ жарыс боларда спорт кешенінде жаттығады. Жақында өткен «Тың - Целина» аудандық спартакиадаға да қатысты. Футболдан басқа мекемеде теннис, волейбол, шахмат өте дамыған.
Байнакатов С.Ж. - Барлық теміржолшыларды және тұрғындарды үлкен мереке Тобыл кентінің 80 жылдық мерейтойымен және көлік және байланыс кызметкерлері күнімен құттықтаймын! Ең басты тілегім-денсаулық, отбасылық құт-береке, біздің Тобыл кенті өркендеп өссін. Биыл сумен қиын болды,алдағы уақытта мәселелер туындамай, үй мен пәтерлерде жылу және жарық болып, жұмысымыз тек бізге қуаныш әкелсін. Біздің келешек ұрпақтарымыз бақытты өмір сүрсін!


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане