Төрт түліктің төресін баптаушы

b_600_290_16777215_00_images_images_2019_32_32-2019_11.jpgтүлігі негізінен жайылымда бағылып, күтімді, құнарлы азық пен жылы қора-жайды аса қажет етпейтіндіктен, басқа малдарға қа­рағанда тиімді түлік түрі болып табылады.
Жұрт санасында «сахараның сұлуы», «дала кемесі» деп танылған түйе теріскей аймақта да өрістеп келе жатыр. Юбилейный ауылында Ойсылқара төлін түлетіп, әл-әзір кәсіптің кенжелеп тұрған түрін қолға алған азамат Алмат Нұрмұханов. Өзі Өзбекстан Республикасының тумасы Алмат 2003 жылы қазақ топырағына оралуды жөн санаған. Алмат мырзаның басты мамандығы-агроном. Біраз жыл Соколов-Сарыбай кен байыту орнында еңбек еткенін де айта кетті. Ойлана келе, жеке кәсіпке бет бұрғанды жөн санаған. «Қостанай төңірегінде бұл кәсіппен айналысып жүрген ешкім жоқ. Бала күнінен түйе көріп өскесін жай-күйін жақсы білгендіктен, осы кәсіппен айналысуды жөн санадым»- дейді Алмат Нұрмаханов. 2016 жылы Қостанайдағы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасынан 4 млн.теңге көлемінде несие алып, Торғай өңірінен 5 бас түйе алып келген. Бұл несие жабылғаннан кейін, тағы да «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасынан 5 миллион көлемінде несие алып, Атырау қаласынан мая-аруана түйелерін алып келген. Қазіргі таңда 25 бас түйелерді баптап отыр.
«Уақыт өте келе біраз төселіп қалдық. Қазіргі таңда 2 адамды жұмыспен қамтып отырмын. 1 бақташы, 1 сауыншы бар. Ресми түрде жұмысқа орналасқан, ай сайын зейнетақылары жүріп отырады. Түйелерді сауып, сүтін алып, шұбат істеп, Рудный қаласындағы кафелерге өткізіп, табиғи өнімді халыққа ұсынып отырмыз. Бүгіндері түйе сүтіне деген сұраныс көп. Қазір жан-жақтан келіп алады. Рудный қаласынан бастап, Қостанай, Астана қалаларына тапсырыстарды жіберіп отырамыз. Өнімдерімізді Қостанайда өтетін көрмелерге апарып тұрамыз. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы Тимур Құлыбаев оң бағасын берді. Былтырғы жылы Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаевпен кездескен болатынбыз»,- дейді Алмат Нұрмаханов.
Кәсіпкер тағы қаржы алып, төл басын көбейтуді көздейді. Болашақта балалары бастаған ісін жалғастырса екен деген ойда.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане