Жазғы демалыс алаңы өз мәресіне жетті

b_600_290_16777215_00_images_images_2019_33_33-2019_4.jpgЖаз болса болды, қаужайтын тақырыбымыздың бірі лагерь екені көзі қарақты оқырманға аян.
Ендігі кезек осы лагерьді қорытындылау. Білім бөлімі берген ақпаратқа сүйенетін болсақ, балалар мен жасөспірімдердің демалысы мен сауықтыруын ұйымдастыруға 2019 жылы қаржыландырудың барлық көздерінен 3 млн. теңгеден астам қаражат жұмсалса, оның ішінде жергілікті бюджеттен 2 585,0 мың теңге.
Жалпы білім беру қорынан бөлінген қаражат есебінен қала сыртындағы лагерьлерге 108 жолдама алынып, балалар жазғы демалыстарын қала сыртындағы белгілі бір лагерьлерде өткізген. Биылғы жылы әртүрлі жазғы жұмыспен қамтылған оқушылар 100 %-бен қамтылған.
28 білім беру мекемелерінің базасында 2491 баланы қамтитын сауықтыру алаңдары жұмыс істеп, 1-10 сынып аралығындағы балалардың жалпы санының 80% - ы - 3110 адамды құрады.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын, республикалық «Туған жер» жобасын жүзеге асыру аясында зерттеу, өлкетану қызметін, мектеп туризмін дамыту мақсатында 150-ге жуық бала Қазақстанның киелі жерлеріне барды.
Қазақ «Ас — адамның арқауы» дейді. Расында да, дұрыс тамақтану әрі ас дайындаудағы тазалықты сақтау — адам денсаулығының кепілі. Тамақтануға тоқталатын болсақ, 28 мектеп жанындағы лагерьде ыстық және буфеттік тамақ бүгінгі таңда 100%-ды құрайды.
28 мектепте спорттық, өлкетану жазғы лагерьлерінің жұмысы ұйымдастырылып, көптеген іс-шаралармен қамтылды. Білім бөлімі 2019 жылдың жазғы кезеңінде іске асырылған лоттар әзірледі. Атап айтатын болсақ, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының іс-шараларын іске асыру шеңберінде, «Жас Ұлан» бастамашыл балалар қозғалысы, жасөспірімдермен «Өзіңнен баста» алдын алу іс-шараларын ұйымдастыру, туристік бағыт бойынша іс-шаралар ұйымдастырылды.
Балаларды мектептің, ауданның қоғамдық өміріне тарту, олардың өмірлік ұстанымдарын жандандыру, оларды қоршаған ортаға бейімдеу мақсатында тренингтер, коммуналдық жиындар, слеттер, жорықтар, форумдар өткізілді.


 
Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане