- Подробности
-
Категория: Последний номер
-
Создано 15.08.2019 07:33
-
Автор: Балзина Атимтаева
-
Просмотров: 987
Су – тіршілік көзі. Өмір сүру үшін оның маңызды екенін әркім біледі. Сусыз тынымды тіршілік, мардымды еңбек алға баспайды.
Қазіргі күні тұщы су көздерінің мәселесі, соның ішінде халықтың қамтылу жайы жер шарындағы экологиялық ахуалдың ушыға түсуінің аясында адамзаттың ортақ проблемасына айналды. Десе де, Май ауылында таза ауызсумен жабдықтау қызметімен айналысып отырған «Скляр» ЖК сенімді басқарушысы – Сергей, ауылдағы барлық су жағдайын заң жүзінде жүзеге асырып отыр. Қызметкерлердің айтуы бойынша, Сергей келгеннен бастап, еңбекақымызды ала бастадық, жұмысымызда тәртіп орнатылды дейді. Расымен де, жылдап төлемей жүрген қарызшылар, өздерінің қарыздарын өтей бастаған. «Судың да сұрауы бар емес пе?!» Сондықтан әрбір жұтым су оңайлықпен келмейді»,-дейді Сергей. Қазіргі таңда 7 адамды жұмыспен қамтып отыр. «Барлық қызметкерлер еңбекқор»,- дейді Сергей. «Менің жұмысым қызметкерлерді басқару емес, оларға көмек беріп, құжаттарды реттестіріп, заң жүзінде бәрін қадағалап отыру»,-дейді Сергей.