Тігінге жаны құштар жан

b_600_290_16777215_00_images_images_2019_33_33-2019_1.jpgҚазақ халқының ой-сезімі қашанда табиғатқа жақын келген. Олар гүлі жайқалған, жазиралы тамаша табиғат аясында, жан тербейтін сұлулықты көріп, сан түрлі өнерді меңгерген.
Қымбат маталардағы түрлі ою-өрнектердің өзі, бір-біріне ұқсамайтын сәнділігімен көз тартады. «Бақыттың кілті – еңбекте» дегендей, бүгінгі қоғамда шынайы еңбектің ырыс-несібесі мол. Күні бойы тапжылмай отырып, он саусағы майысқан тігінші шеберлердің, келістіріп тіккен киімдеріне құрметпен қарап, еңбегін бағалауға болады. Елена-ісмер тігінші, өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарайды. Әртүрлі маталарды пішу, оны қонымды етіп тіге білу ізденісі мол, көз майын тауысатын шығармашылық еңбек.
– Іс тігуге жасымнан жақын едім. Оның қыр-сырын кезінде анам үйреткен. Қазір үлкендерден көріп, үйренгенім бойынша жұмыс істеп жатырмын. Тапсырыс берушілердің қатары да артуда. Үлгермей жатсам анам көмектеседі, – дейді Елена. Кейіпкеріміз тігіншілікпен нәпақысын тауып, отбасының ұйытқысы болып отыр. Тігінші Елена адал еңбегінің арқасында ауыл халқының ыстық ықыласына бөленген. «Қай адам болсын бой-келбетіне үйлесімді, жыл мезгілдеріне сай жарасымды киім кигенді ұнатады емес пе? Киім тігуге бізге келіп, тапсырыс беретіндер көп. Адамдардың жас ерекшелігін ескеріп, тіккен киімдерім сапалы болғаны маған да абырой. Сондықтан да өзім тігінші маманы болмасам да, өзім жасаған дүниелерімнің сапасына көп мән беремін», – дейді өз ісінің маманы.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане