- Подробности
-
Категория: Последний номер
-
Создано 22.08.2019 06:29
-
Автор: Балзина Атимтаева
-
Просмотров: 968
Еңбек жолын ауылдан бастауды жөн санаған жастар көп бүгінде.
«Жас келсе, іске» дәл осындай ұранмен өзінің еңбек жолын Елизаветин ауылдық округінен бастаған Аманжол Баянбаев бүгінде осы ауылдың Набережный орта мектебі директоры болып отыр. Жұмысының жемісін көріп жүрген Аманжол, бүгінде еңбек бастамасында көптеген нәтижелер көрсетіп жүрген басшылардың бірі десек артық айтпағанымыз. Еңбек жолын ауылдан бастаған ол болашақ көп жоспарын ауылмен байланыстырып отыр. Қаладан гөрі ауылда жұмыс істеген тиімді екенін айтады. «Басында ауылға келгенде, мұнда толымды тәжірибе жинақтауға мүмкіндік мол. Бұл – жоғары деңгейлі маман болудың алғашқы баспалдағы деп есептедім. 2011 жылы қазіргі Қостанай Мемлекеттік Педагогикалық Университетін тәмамдап,ең алдымен, еңбекке баулу сабағы бойынша мұғалім болып орналасқан едім.4 жыл ішінде беліглі бір дәрежелі нәтижелерге қол жеткіздім десемде болады. Өмірдің салған ізімен 4 жылдан кейін өзімнің туып өскен жеріме қайта кеттім. Өзімнің ауылымда 3 жыл қызмет атқарып, 2017 жылы ауданнан хабарласып, мектеп директоры міндетін атқарушы болып жұмысқа шақырылдым. Белгілі бір конкурстардан өтіп, ата-аналармен кездесіп, міне, аудандық білім бөлімінің шешімімен қазіргі таңда Набережный орта мектебінің директоры болып тағайындалдым.Енді жоспарым ауылмен байланысты болып отыр, әрі қарай еңбегімнің жемісін мектепке арнаймын деген ойдамын. Осында отбасын құрып, жетістіктерге жетіп келемін»,-дейді еңбекқор Аманжол.
Қорыта айтарымыз, Аманжол елдің болашағы жолында адал қызмет етеді деген ойдамыз. Өзінің қарапайым, адал және жоғары кәсіби біліктілігімен өзгелерден оқ бойы озық тұратынына сеніміміз мол.