«Ұлы дала сазы» күйшілер байқауы

b_600_290_16777215_00_images_images_2019_35_35-2019_7.jpgЕ. Өмірзақов атындағы мәднениет үйі қабырғасында жастар арасында «Күй құдіреті» атты домбырашылар жарысы өтті. «Шаңырақ-Заречный -2019» қоғамдық қоры «Аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-мен бірлесіп ұйымдастырылған байқау.


Шара аудандық мәдениет және тілдерді дамыту орталығының қолдауымен Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы шеңберінде өткізіліп, оған ауданымыздың жан-жағынан келген 14 -17 жас аралығандағы оқушылар мен 20-35 жас санатындағы күйшілер күй тартудан бақ сынасты. Сайыстың мақсаты – күй өнері арқылы оқушылардың ұлттық сана-сезімін оятып, ұлттық құндылықтарын насихаттау, мәдениетіміз бен тарихымызды қастерлей білуге тәрбиелеу. Әділқазы алқасы жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адами құндылықтар, рухани-мәдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу бүгінгі күннің маңызды мәселелерінің бірі екендігіне тоқталды.
– Қазақтың маңдайына біткен аса дарынды күйші мұрасы-ұлтымыздың рухани байлығы. Күй сазының алтын қазығы. Байқаудың басты мақсаты-жас ұрпақты өнерсүйгіштікке, күйге деген сүйіспеншілігін арттырып, халқының әдеп-ғұрпы мен салт-дәстүрін берік ұстануға тәрбиелеу,–дейді тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Армангүл Гумарқызы.
Күмбірлеген күй өнерінің сиқырлы үнін кейінгі ұрпақтың санасына сіңіру мақсатында ұйымдастырылған дода 1-ғана кезеңнен тұрды. «Дарын иелерін сахнаға шығарып, ұлттық дәстүрімізді дәріптегіміз келді», – дейді шараны өткізген Армангүл Гумарқызы. Қорытындылай келе, жасөспірімдер арасында 1-ші орынды Мерей Онайбекова,2-ші орынды Ділназ Балғабаева,3-ші орынды Әділ Нұрхелдиев қанжығасына байлады. Ересек топ бойынша, жүлделі 1-ші орынды Қарлығаш Қабылхан иемденсе, 2-ші орынды Әйгерім Асанова, 3-ші орынды Айбек Қабылдин иемденді.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане