Тобыл кентінде жаңа балабақша бой көтерді

b_600_290_16777215_00_images_images_2019_35_35-2019_5.jpgЖаңа бөбекжайда енді ауылдағы 50 бала білім алатын болады. Бұл-мемлекеттік жекеменшік әріптестік жемісі.
Ауылдың дәл ортасында орналасқан балабақшаның көркі алыстан көз тартады. Жеке кәсіпкер Даража Өтеуалиева осылайша баланы да, ата-аналарды да қуантуды жөн санапты.


«Елбасы бала тәрбиелеу-ол ең басты инвестиция. Біз балаларға жақсы тәрбие беруге ұмтылуымыз керек. Балалардың жақсы дамып, тәрбие алуға барлық жағдай жасалған. Енді «Сұлтан» балабақшасы балалардың шат күлкісіне толы болсын»,-дейді жеке кәсіпкер.
Бөбекжайда ән, би, сурет салу тәрізді өнердің сан түріне жаттығатын орындар да қарастырылған. Балалардың білімін жетілдіріп, зияткерлік қабілеттерін арттыратын жабдықтар түгел бар.
«Жалпы, бөбекжайдың ашылуымен ауылдағы 4 адам жұмыспен қамтылып отыр. Жеке кәсіпкерлік бұл-«Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша жасалған игілікті істің бір парасы ғана»,- дейді. Әлі де туған жердің түтінін түтетуге ол барынша атсалса бермек. «Бұл балабақша бізге өте қажет. Екі ғана балабақша болған еді. Міне, үшіншісін ашқалы отырмыз. Ол ата-аналарға және жас бөбектерге өте қажет. Мен де осы балабақшаға бір баламды әкеліп отырмын»,-дейді ата-ана.
Жалпы, балабақшаның саны 44 балаға арналған, бірақ та қазіргі таңда балабақша бағасы қымбат болып тұрғандықтан, әзірше 22 бала барады. Балабақша меңгерушісінің айтуы бойынша «Біз қазіргі таңда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бойынша хат жазған болатынбыз, жауабын күтіп отырмыз. 4 жұмысшыдан көбірек алғымыз келеді, себебі, мамандар жетіспей жатыр. Барлық жиһаздар осы бөбекжайдың қалаушысының қаражатына жасалған. Балаларға арналған алаң қазіргі уақытта стандартқа сай болмай тұр. Бастысы, бар мүмкіндікті пайдаланып, осы балабақшаны дамытқымыз келеді, себебі, білуімізше, Тобыл кентінің балабақшасында 110 бүлдіршін кезекте тұр екен»,- дейді Жанар Маметқызы Мұқанова.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане