Аудандық полиция бөлімі көмек берді

b_600_290_16777215_00_images_images_2019_35_35-2019_11.jpgЖағдайы төмен отбасылардың балаларына көмектесіп, сауап алғанға не жетсін? Қуантарлығы,Бейімбет Майлин ауданының тұрғындарымен қоса, ұйымдары да белсенділік танытып, жалпы республикалық қайырымдылық акциясына қатысуда.


«Адамға қымбат нәрсе – жұрт қамы, жұрт ісі» деп А. Байтұрсынұлы айтқандай, жүрегінде мейрімділігі бар, бұл істі кейінге қалдырмай, демеушілік жасауға бірден көмектесуге кіріскен ұжымдар да бар. Жаңа оқу жылының басталуына аз ғана уақыт қалды, сол себепті аудандық полиция бөлімі Красносельский ауылындағы көпбалалы отбасыға демеушілік жасап, мектепке қажетті керек-жарақтармен қамтамасыз етті. Және де Тобыл кентінің тұрмыстық жағдайы төмен отбасына да көмек көрсетіліп, мектепке қажетті құралдармен, киімдермен қамтамасыз етілді.
Айта кетейік, енді қайырымдылық көмек салтанатты түрде немесе мектептегі сап түзеуде тапсырылмайды. Сондай-ақ, «Мектепке жол» акциясының аясында әлеуметтік ахуалы төмен отбасыларға көмектесемін деген ақ ниеттеріңіз болса, қол ұшын берулеріңізге болады.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане