- Подробности
-
Категория: Последний номер
-
Создано 29.08.2019 06:29
-
Автор: Балзина Атимтаева
-
Просмотров: 1235
«Ұлы даланың 7 қыры» суреттер конкурсы Бейімбет Майлин ауданының мектепке дейінгі ұйымдары арасында өткізілді.
«Шаңырақ-Заречный -2019» қоғамдық қоры «Аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-мен бірлесіп, «Ұлы даланың жеті қыры» әлеуметтік жобасын жүзеге асыру мақсатында бүлдіршіндер арасында сайыс өткізді.
Жарысқа 5-7 жас аралығындағы бүлдіршіндер қатысқан болатын. Жалпы, жарыстың мақсаты-мектепке дейінгі балаларды дамыту және тәрбиелеу мәселелерінде отбасымен ынтымақтастықты нығайту болып табылады. Байқауда әділқазылар алқасының төрайымы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысы С. Т. Құлжанова болды, әділ қазылар құрамында аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Е.С.Жумагли, Б. Майлин атындағы тарихи-өлкетану мұражайының директоры С.А. Рудик, өнер мектебінің оқытушылары: А.Бейбітхан, С. В Бойчук төрелік етті. Байқауға барлығы 17 жұмыс ұсынылды. Шара қазақтың ұлттық дәстүрі шашумен ашылды. «ULY DALANYŃ JETI QYRY» атты көрме ұйымдастырылып, іс-шараның сәнін келтірді. Бұл көрмеде бүлдіршіндеріміздің өз қолдарымен, және де ата-әжелерінің, ата-аналарының көмегімен салынған суреттері де болды.
Ең қуантарлығы-балапандарамыз ойларына келген кез-келген нәрсені салмай, Қазақстан елінің кең байтақ екенін, оның сұлулығын, еліне деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімдерін суреттері арқылы жеткізе білді. Шара барысында балалар өз өнерлерін ортаға салып, әділқазылар мен көрермендерге арнап тақпақтар айтып берді. Озық бойы оза шапқан бүлдіршіндеріміз де болды. Барлық қатысушылардың ішінен 1-ші орынды Каролина Овчарова иемденсе, жүлделі 2-ші орынды Валерия Стойнова, ал, 3-ші орынды Танзия Аманжол қанжығасына байлады. Салған суретінің ерекшелігі үшін Красносельский ауылы балабақшасының бүлдіршіні Ксения Кисляк марапатталды.
Ең жақсы жұмыстар сыйлықтармен және грамоталармен марапатталды. Қалған қатысушылар ынталандыру сыйлықтарымен марапатталып, жақсы көңіл-күй сыйлады. Іс-шараны қорыта келгенде, еліміздің болашағы ұрпақ тәрбиесіне тікелей байланысты, өйткені, еліміздің тізгінін ұстап, жеріміздің байлығын, тарихымыз бен мәдениетіміздің асыл мұрасын қастерлеп, ұлтымыздың лайықты перзенті бола алатын ұрпақтарымызға жан-жақты қамқорлық көрсетіп, мейірім шуағын, жүрек жылуын сыйлау халқымызға тән асыл қасиетіміз деп білеміз.