Жігіттеріміз медициналық тексерістен өтті

b_600_290_16777215_00_images_images_2019_35_35-2019_13.jpgӘскерге қабылдау қатаң талап бойынша жүргізіледі. Алдымен ауданнан медициналық тексеріс пен әртүрлі психологиялық тесттен өтуі тиіс.


«Заман талабына қарай адам да бейімделеді, қазір әскери билетсіз жұмысқа тұру қиын. Күзетші болу үшін де әскери билет талап етеді. Сондықтан 1990-шы жылдарға қарағанда қазір жастар белсенді. Мерзімді әскери қызмет міндетін өтеп, ары қарай келісімшарт арқылы қалғысы келетіндер, өмірін әскери қызметпен байланыстыратын сарбаздардың қатары жыл өткен сайын көбейіп келеді»,- дейді Аудандық Қорғаныс Істері жөніндегі бөлім басшысы Жәдігер Негмеджанов
Медициналық тексеріс Аудандық Қорғаныс Істері жөніндегі бөлімше қабырғасында өтті. Медициналық тексерістен өтіп жүрген жігіттерді сөзге тарттық. Жаслан бүгінде 20 жаста, оның айтуынша:«Отан алдындағы борышымызды өтеп қайту – әр азаматтың міндеті ғой»,-дейді. Қазір жастарға мемлекет тарапынан көп көңіл бөлініп жатыр. Салауатты өмір салтын насихаттайтын бірнеше бағдарлама да бар. Күніне медициналық тексерістен өту үшін 45-тен астам жігіттер келіп жатыр. Басты медициналық комиссия құрамында комиссия төрағасы аудан әкімінің орынбасары Назгүл Асқарқызы Манасова, Аудандық Қорғаныс Істері жөніндегі бөлім басшысы Жәдігер Негмеджанов, аудандық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Ғалия Нугманова, және комиссиясы хатшысы Елена Оразбаева болды.
«Бес саусақ бірдей емес». Дегенмен, ата-ана – бала тәрбиесіндегі басты тұлға екендігін, отбасындағы тәрбие тәрбиенің бастауы екендігін ұмытпайық. Қазақ жігіті-шаңырақтың иесі, ата-ананың отын тұтатушы, ертеңгі абыройлы әке, қадірлі отағасы. Ол елді қорғайтын ер, ұлттың намысты азаматы ретінде тәрбиеленгенде ғана қазақ елінің болашағы жарқын болмақ.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане