Е.Өмірзақов атындағы мәдениет үйі өнерпаздары

Мәдениет үйінің негізгі міндеті – халықтың рухани және эстетикалық сұранысын қанағаттандыру болып табылады.


Мәдениет саласының қызметкерлері-айналасын думанға бөлей білетін сан қырлы талант иесі және жан – дүниесі бай, нағыз өз ісінің майталман шебері ретінде өнерге берілген азаматтар. Бұл күндері-әрбір мәдениет қызметкері үшін ерекше күндер. Неге деп сұрасаңыздар...? 15 тамыздан бастау алған мәдениет қызметкерлері үгіт-насихат бригадасымен ауылдар мен егін алқаптарына аттанды. Әр күндері жол мен ерекше көңіл-күймен өтетін мәдениет үйі қызметкерлері биылғы жылы жоспар бойынша Бейімбет Майлин ауданының түгелдей болмаса да, 2-3 отбасы тұратын ауыл болса да, барып, жақсы әсер сыйлауға дайын екендерін айтты. Қазіргі таңда, 10 шақты ауыл мен егістік алқабында халықпен қоса күнібойы егістік алқабында еңбек етіп жүрген жұмысшыларға да ерекше әсер қалдырып, кереметтей әндерімен көңілдерін жадырата білді.
Мәдениет үйінің қызметкерлері ортада паш еткен өнерлері арқылы көпшіліктің қошеметіне бөленді. Орындалған әсем әндер сахнаның мерейін ашып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Аудан өнерпаздары өнерлерімен мерекеге жиналған халықтың ықыласына бөленіп, тәнті етті.
Е.Өмірзақов атындағы мәдениет үйі директоры Бақытгүл Көшербайқызының айтуынша: «Қазіргі уақытта жоспар көп деп ауыз толтырып айта аламыз, ауылдарға барып, ол жақтағы халықтардың ұмыт қалмағандарын, өнерпаздарымыз, қолдан келгенше, әдемі көңіл-күй сыйлауға тырысып жүр. Өнерпаздарымызға қазіргі таңда барлық мүмкіндіктер жасалынып отыр. Жолдан шаршағандарына қарамастан, келесі күнгі сахналық әндеріне дайындалады. Біздің міндет-халықпен тығыз байланыста болу, өнерпаздарымызды сербіп, жандандыру»,-дейді. Ауданымыздың мәдениет саласының қызметкерлері елдігімізді, ғасырлар бойы мұра болған асыл қазынаны – ұрпаққа жеткізу жолында ауқымды жұмыстар атқаруда. Өнерді құрметтеп, мәдениетті өркендету – баршамыздың ортақ мақсатымыз болып табылады.
Аудан өнерпаздарына еліміздің өркендеп-өсуіне, мәдениет биігіне шығармашылық тұрғыдан қызмет етіп, халықты тамаша өнерлеріңізбен қуанта беріңіздер демекпіз.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане