Шекарашылар сыйлаған қуаныш

b_600_290_16777215_00_images_images_2019_37_37-2019_5.jpgОтанды қорғап, күні-түні көз ілмейтін шекара қызметінің қиындықтарын кез келген жанның біле бермесі анық. Десе де, балаларға қуаныш сыйлауда шекара қызметіндегі жандардыңда жауапты қызметі екені белгілі.


1-ші қыркүйек білім күніне орай «Аят» (автомобильдік) шекаралық бақылау бөлімшесінің бастығы капитан Дидар Евгеньевич Шаяхметовтың қолдауымен Асенкритов орта мектебінің 1-ші сыныпқа қадам басқан балаларын құттықтау үшін өздерінің арнайы сыйлықтарын әрбір оқушыға тарту етті. Балаларға қуанышты көңіл-күймен, естен кетпес күн сыйлаған бөлімше басшысы Дидар Евгеньевич: «Шекара қызметі жылдамдықты талап етеді. Мұнда әрбір сәт санаулы. Темірдей әскери тәртіпке нағыз ер азамат қана шыдай алады. Мұнда «істей алмаймын», «қаламаймын» деген сөздің өзі жоқ. «Тәртіпке бағынған құл болмайды» демекші, мұндағы әрбір бұйрық талқыланбайды, мүлтіксіз орындалады. Сондықтан, бүгін бүлдіршіндерді 1-ші сыныпқа қадам басқан 19 құттықтау үшін келдік. Балаларымыз-еліміздің болашағы.Сондықтан, 1 жыл көлемінде осы бүлдіршіндерге қамқорлық көрсетіп, әрбір мереке қарсаңында келіп құттықтап отырамыз. Әрбір баламыздың туылған күнімен құттықтап, қуаныш сыйлауға тырысамыз. »,-деді. Ұрпақ жалғасы, ел болашағы. Сондықтан оларға дұрыс тәрбие беру, жан-жақты дамуын қадағалап, білімді де парасатты тұлға етіп шығару әр мемлекеттің басты бағыты болып табылады.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане