Жүргізуші куәлігін алу жеңілдеді

«Азаматтарға арналған үкімет» көлік жүргізуге рұқсат беретін құжатты алу үшін талап етілетін 083 үлгісіндегі медициналық анықтамаға өзгерістер енгенін хабарлайды.


«Бұдан былай жүргізуші куәлігін рәсімдеу барысындағы медициналық комиссия құрамы 7 дәрігерден 4-ке дейін қысқарды. Енді терапевт, окулист, оториноларинголог, психиатр-нарколог дәрігерлерінің тексерісінен өту жеткілікті. Сондай-ақ қан, дәрет талдамасы, флюрография, психоактивті заттарды қабылдау бойынша зертханалық анализдерді тапсыру қажет емес», - деп Қостанай қаласы мамандандырылған ХҚКО маманы жауап берді.
Естеріңізше сала кетейік, бүгінде жүргізуші куәлігін алу үшін медициналық анықтама үш жағдайда талап етіледі: Жүргізуші куәлігін бірінші рет рәсімдеу барысында, жүргізуші куәлігінің мерзімі өтіп кеткенде, жүргізуші куәлігінен айырылғандар құжатты қайта рәсімдегенде.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане