«Назар аударыңыз, балалар!»

b_600_290_16777215_00_images_images_2019_38_38-2019_9.jpgЕлімізде жас балалардың, оқушылардың қатысуымен жол-көлік апаттары жиі орын алады.


Мұндай оқиғалардың алдын алу үшін ҚР ІІМ жыл сайын, оқу жылы басталысымен дәстүрге сай бір айға жоспарланған «Назар аударыңыз, балалар!» атты акциясын өткізіп тұрады. Кең көлемді акциясы аясында Бейімбет Майлин ауданы аумағында профилактикалық дәрістер жүргізілуде. Аудандық полиция бөлімі полицейлерімен балалар мен ересектерге жол жүру ережелерін сақтаудың маңыздылығын түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Акция республика аумағында 30 қыркүйекке дейін жалғасатын болады. Аталған жедел-профилактикалық іс-шараның негізгі мақсаты-балалардың жол-көлік оқиғаларынан жарақаттануына жол бермеу және жол-көлік оқиғаларын болдырмау жөніндегі жұмыстарды одан ары жандандыру болып табылады.
Осы мақсатта ювеналды полиция бөліністерінің қызметкерлері бастауыш сынып оқушыларымен жол жүрісі қауіпсіздігі мен жолдарда қауіпсіз жүріп-тұру бойынша дәрістік оқулар мен сабақтар өткізді. Автокөлік жүргізушілеріне, балаларды тасымалдау кезінде қауіпсіздік белдіктерін және балаларға арналған ұстаушы құрылғыларды қолдану қажеттілігі туралы түсіндіріліп, ақпарат берілді.
-Жол қауіпсіздігі, тұрмыстық жарақаттану мен төтенше жағдайларды алдын алу–маңызды және өзекті мәселе. Өкінішке орай, кейбір жүргізушілердің жауапсыздығынан бейкүнә сәбилер жапа шегіп, мүгедек арбасына таңылып жатыр. Сондықтан автокөлік жүргізушілері жолда сақ болуға шақырамыз,-деді аудандық полиция бөлімі ювеналдық полиция тобының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Ербол Сағынтайұлы Сейтмағанбет.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане