Еңбекқор адам-ел мақтанышы

b_600_290_16777215_00_images_images_2019_38_38-2019_8.jpgМына дөңгеленген дүниеде әрбір адам өз тіршілігімен әлек болып жүреді. Біреуі мектеп қабырғасын әлі бітірмесе, ал біреуі жоғары білім алып, өзі қалаған мамандық иесі атанып жатыр. Иә,расында, бұның қайсы бірін алып қарасаңыз да, мұның соңы тек еңбек пен ізденімпаздық,табандылыққа тірелері сөзсіз.


"Еңбек – бәрін де жеңбек", – деген аталы сөз бар ел ішінде. Басынан небір ауыр кезеңдер өтсе де, ол-ешқашан қиындық атаулыға мойынұсынған емес. Соның бәрі өзінің ақ адал еңбегінің арқасы деп біледі.
Өмірбек Шурентаев – 2008 жылдан бастап Бейімбет Майлин ауданында жұмыс жасап келе жатқан еңбек адамы. Ол кісі абоненттік қызмет және газ жабдығына қызмет көрсету қызметкері. Міне, осы қондырғылар Өмірбек сияқты епсекті жандардың қолынан жөнделінеді.
«Мұндайда асығыстыққа жол беруге әсте болмайды. Сондықтан өзіме жүктелген жұмысты мұқият қарап шыққан соң ғана іске кірісемін», – дейді Өмірбек аға, – Кез-келген жұмысқа немқұрайлылықпен қарау табиғатыма жат дүние. Бар ғұмырым осы мамандықтың арасында өткендіктен сүйікті ісімнен бір елі ажырағым келмейді. Өмірбек Әулиекөл ауданының тумасы. Оқу орнын бітіргеннен кейін ауданымызға келіп, жұмысқа орналасқан. Содан бері өзі таңдаған жұмыстың бүге-шегесіне дейін меңгерген бесаспап маман ретінде жұмыс орнында үлкен абыройға ие десек өтірік айтқанымыз болмас.
«Міне, соңғы он бір жыл бойы РЦКУ ЖШС-нде еңбек етіп келемін. Қай жерде де жаман болған жоқпын. Бәрі осы адал еңбектің арқасы. Құдайға шүкір, тапқан табысым отбасымды асырауға еркін жетеді. Бәріне шүкір ететін халықпыз ғой, – дейді ол. Жан жары Наталья екеуі алтын асықтай бір ұл, бір қыз тәрбиелеп өсіріп отыр. "Қанағат қарын тойғызады, қанағатсыз жалғыз атын сойғызады", – дегенді біздің қазақ текке айта салған жоқ. Не нәрсеге де төзім, қанағатшылдық керек. Сонда ғана бастаған ісіңнен нақты нә-тиже шығады. Алла өзінің берер ризығын тауыспасын", – деп сөзін жалғады еңбекқор азамат. Ерінің ерен еңбегін елі ешқашан елеусіз қалдырмайды. Қашанда өскелең ұрпақ үшін үлгі етеді. Адамды адам еткен еңбек! Ол - дәуірлер бойы дәлелденіп келе жатқан дүние. Ердің елге танылуы да сол еңбектің арқасы.
Елбасымыз «Әркім өз еңбегі арқылы мемлекетті көркейте білсе, сонда ғана мемлекет қуатты болады. Адам қандай мамандық иесі болса да, өз ісінің шебері болуы керек. Сондықтан әрбір адам өз қабілетіне қарай ма- мандық таңдауы керек. Әркім өзіне табиғат берген дарынын дамыту керек, соған сәйкес бір мамандықты ғана таңдап, соның шыңына шығу керек. Бұл да Отанға қызмет ету болып саналады» деді. Еңбекті сүю, еңбек ете білу, өз болашағың мен елдің келбетін адал еңбек арқылы қалыптастыра білу де - өнер. Еңбексіз өмірде ештеңе де болмайды. Еңбегімен еліне үлгі бола білген, өз ісінің қыр-сырын бес саусағындай білетін Өмірбек ағамыз болашақ жас мамандарға өздерінің жүріп өткен еңбек жолдарын баяндап, жақсы маман болу үшін қажырлы еңбек пен мамандыққа деген махаббат керек екенін, өз ақыл-кеңестерін берді.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане