Президент Жолдауы мәдениет саласы үшін маңызды

b_600_290_16777215_00_images_images_2019_38_38-2019_5.jpg2 қыркүйек 2019 жыл- мемлекетіміздің ең маңызды күндеріің бірі ретінде тарихта қалатыны белгілі. Осы күні Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауын жолдады.


Президенттің мәдениет қызметкерлерін қолдау туралы пунктіне баса тоқталып өтсек. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Светлана Темірқанқызы Мемлекет басшысының Жолдауына өз қолдауын білдірді.
Естеріңізге сала кетсек: «Бұл- мәдениет қызметкерлерін қолдау. Біз мәдениет саласында жұмыс істейтін азаматтарға жеткілікті түрде көңіл бөлмей отырмыз. Бұл – ең алдымен, кітапхана, музей, театр қызметкерлеріне қатысты мәселе. Олардың еңбекақысы соңғы жылдары мүлде көбейген жоқ. Соның салдарынан мәдениет қызметкерлері, әсіресе, жас мамандар жеңілдігі бар тұрғын үй бағдарламаларына қатыса алмайды. Мұндай ахуал осы кәсіптің беделін түсіріп, лайықты кадрлардың тапшылығы айқын сезілуде. Келесі жылдан бастап Үкімет мәдениет қызметкерлерінің еңбекақысын көбейтуі тиіс. Сондай-ақ, білім беру және денсаулық сақтау саласындағы міндетті әлеуметтік жеңілдіктер мәдениет саласының өкілдеріне де берілуі керек» делінген жолдауда
- «Президент Жолдауын мәдениет саласының қызметкерлері де ерекше ықыласпен қабылдады. Мәдениет қызметкерлеріне мемлекет тарапынан салиқалы қолдау көрсету туралы тасырмасы ел руханиятының жаңа деңгейге көтерлуіне зор серпін берері анық. Қазіргі таңда қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың мұң-мұқтажына жедел назар аудару ауадай қажет. Сондықтан, Жолдаудағы халықпен тиімді кері байланыс орнатудың қажеттігі өте тиімді. Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басудың бір тетігі - мәдениет қызметкерлерін қолдау деген сөз. Елдің рухани дамуы мен кемелденуі мәдениеттің қарқынды дамуымен ұштасып жатыр. «Құлақтан кіріп бойды алар тәтті әуен мен күмбірлеген күй», әуезді әуенмен үйлесім тапқан ырғақты би, рухани байлық сыйлайтын театр, кітапхана бәрі де осы мәдениет ұғымы аясында бірігіп, елге қызмет етіп келеді. Еліміздің атын шығаратын да – мәдениет пен өнер. Мәдениетке серпін беру шындығында да қажет. Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет қызметкерлеріне қолдау көрсету керек екенін айтты. Мәдениеті өскен мемлекеттің, дамыған елдердің қатарына қосылары хақ. Біздің де дамыған 30 елдің қатарына қосыламыз деген талпынысымыз бар. Мұнда мәдениет пен әдебиеттің рөлі өте үлкен. Сондықтан біз жұмыс істеуіміз керек. Руханиятты жаңғырту – дер кезінде көтерілген мәселе. Әсіресе, кітапхана, музей, театр қызметкерлеріне көңіл бөлінбей отырғаны сөз болды. Мәдениет қызметкерлерінің еңбекақысын көбейту тапсырмасы да берілді. Бұл Жолдау мәдениет пен руханиятқа үлкен қозғау салып, көптеген игі шараның бастамасы болғалы тұр. Өткен жылға өкпеміз жоқ, келер жылдан күтеріміз көп, – деді Светлана Темірқанқызы. Ия, расымен де талантттардың табысы мардымсыз. Сахнада патшайым, өмірде айлығы шайлығына жетпейді мәдениет майталмандарының. Жалпы, Жолдау- халықтың көкейінде жүрген көп сұрақтың жауабын берді.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане